Жаңақорған мен Сексеуіл – Қоскөл станциялары арасындағы теміржол нысандары мен бекеттердегі жергілікті тұтынушыларды телефон байланысының сан түрімен қамтамасыз ететін оператор «Қызылордатранстелеком» компаниясының девизі – сенімділік, тиімділік және қолайлылық.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның сенімді әрі еншілес кәсіпорны қатарында саналатын компания 2011 жылдан бастап аймақ коммуникация жүйесіне талшықты-оптикалық байланыс жүйесін енгізген. Бұл ел Тәуелсіздігінің жарқын көрінісі. ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс жүйесі) базасында магистральды сандық арналарды жалдау, деректер мен дауыстардың халықаралық транзиті, интернет желісіне қатынау, жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон мен бейнеконференц және телеграф байланыстары секілді телефон байланысының түрлі мүмкіндіктерімен тұтынушыларға қызмет көрсетеді. Интернетке қосылған жоғары жылдамдықтағы каналдар, қысқа жолмен берілетін дыбыстар, бейнебайланыс, кең жолақты радио байланыс технологиясы, жоғары деңгейдегі талшықты-оптикалық байланыс желісі қызметтерінің бәрі мекеменің ішкі жұмыс форматын құрайтын жүйелі салалар болып саналады. Сонымен қатар, Қызылорда жол бөлімшесінде байланыс бағдаршамы – «Тетра» стандарты 2012 жылы Қызылорда – Шиелі учаскесінде арасында қолданысқа енгізілген. Қоскөл – Сексеуіл жаңа телімі құрылысы барысында және қазіргі таңда Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі технологиялық байланыспен жылжымалы құрамдардың қозғалысын интервалды басқару жүйесі ретінде қолданыста. «Тетра» мачталы-антенналары темір жол бойында 10-15 шақырым аралығында, 25-30 метр биіктікте орналастырылған. Мачталы-антенналар жанында заманауи үлгідегі IP-телефон жүйесінің сандық радиобайланысының базалық станцияларымен жарақталған контейнерлер қойылған. «Тетра» пойыздық байланысты қамтамасыз етумен қатар теміржол саласы құрылымдарындағы радиобайланысты біріктірумен бірге транспорт саласындағы ACCESSNET жүйесінің сандық байланысын бір арнаға тоғыстырып, тарату қабілетімен, пойыздар қозғалысын реттеу мен басқарудың интервальды жүйесімен де құнды.

Сабыр Нәдірбаев, Қызылорда