Қызылордалықтар озаттар қатарында

Аймақтар
03.08.2021, 11:36
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Көлік қызметкерлері күнін аймақтағы эпидемиялық ахуалға орайластырып қашықтан атап өтуді ұйымдастырған қызылордалық теміржолшылар еңбек озаттарына лайықты құрмет көрсете білді. Аймақтың алыс бекеттеріндегі әріптестеріне марапаттарды жеткізіп беріп, ал бөлімшеде кішігірім басқосу жасаған бөлімшенің басшылық құрамы теміржолшыларды төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев ең алдымен «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін алған Ербол Оңғарбаевтың кеудесіне марапатын тағып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар екі теміржолшыға «Адал еңбегі үшін», 3 теміржолшыға «Үздік маман» белгісін табыс етті. Тағы бір теміржолшы «Кәсібі бойынша үздік» атанса, компания басшылығының алғыс хаты мен мақтау қағазы 2 теміржолшыға берілді. Бұдан кейін Қызылорда жол бөлімшесі теміржолшыларының жұмыс орнында марапат табыстау рәсімі өткізілді. Жалпы биылғы мерекеде бөлімшенің Қызылорда станциясындағы жеке құрамынан 11 теміржолшы марапатталып отыр, оның ішінде техникалық бөлім басшысы Жарқынбек Рсымбетов «Адал еңбегі үшін» төсбелгісіне лайық деп танылды. Бөлімшенің кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы марапаттарды иелеріне табыстау кезінде карантиндік тыйым шараларының сақталатынын, бекеттер мен станциядағы теміржолшылар үшін марапаттардың жергілікті орындарда табысталатынын, ал Қызылорда, Сексеуіл локомотив пайдалану деполарында және Қазалы вагон пайдалану деполарының теміржолшылары үшін депо басшылығы марапаттарды барып табыстайтынын жеткізді. Сонымен қатар марапаттау рәсімі Қызылорда жол дистанциясы мен Қызылорда белгі беру және байланыс дистанцияларында да шағын құраммен аталып өтіліп, кәсіподақ ұйымы атынан мерекелік сыйлықтар қоса берілді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады