Қызылордадағы барлық станциялар жүк тиеу-түсіру жұмыстарына сақадай сай

Аймақтар
04.08.2021, 09:54
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары жылдың алғашқы жартыжылдығында өткен жылмен салыстырған едәуір ауқымды жұмыстарды атқарып үлгерген. Бөлімшенің логистика және жүк тиеу-түсіру бөлімінің жетекші инженері Гүлнәр Балықбаева алты ай ішінде тәулігіне 87,23 вагонға жүк тиеліп, бекітілген жоспар 129,2 пайызға орындалғанын жеткізді. Яғни жыл басынан бері бөлімшеден 15789 вагонға 1047 731 тонна жүк тиеліп жөнелтілген. Тәулігіне 120 вагоннан жүк түсіру жоспары жылдың алты айында 128 вагонға жеткізіліп, жартыжылдық жоспар 106,5 пайызға орындалған. Сондай-ақ, жыл басынан бері 307 вагонға 14641 тонна мұнай және мұнай өнімдері, 141 вагонға 8350 тонна қара металл ломы, 2154 вагонға 137538 тонна химикат пен сода, 2777 вагонға 190885 тонна құрылыс заттары, 2554 вагонға 175200 тонна өндірістік шикізат, 4480 вагонмен 313275 тонна цемент, 1864 вагонмен 123977 тонна тұз, 461 вагонмен 31254 тонна ұн, 580 вагонмен 38316 тонна астық өнімі және 132 вагонмен 4570 тонналық өзге де заттар тиеліп жөнелтілген. Жалпы бөлімшеден жүк тиеуге барлық станциялар ашық, барлық мүмкіндік қарастырылған. Тиелім, түсіру жұмыстарына станциялық жолдар мен кір- ме жолдар жеткілікті, ұзын құрамды пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында, жалпы аймақтағы пойыздардың қауіпсіз қозғалысын арт- тыруға байланысты бірнеше станцияның жолдары қажетті ұзындыққа ұзартылған. Бүгінгі таңда бөлімшеде жүк тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру станцияларда тыңғылықты жүруде. Мәселен, маусым айында Сексеуіл станциясына 241 тонна мұнай өнімдері жөнелтіліп, 6388 тоннасы түсірілген. Қазалы станциясынан 4076 тонна жүк тиеліп, 53647 тонна түсірілген, оның ішінде мұнай, минералды-құрылыс материалдары мен нан өнімдерінің салмағы басым. Әсіресе, жүк тиеліп-түсіру Қызылорда, Белкөл, Шиелі станцияларында қарқынды жүргізіліп келеді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады