Қызылордалық теміржолшылар жарты жылдық жоспарды 130% асыра орындады

Аймақтар
06.08.2021, 10:22
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыра отырып станцияның межеленген өндірістік жұмыс көрсеткіштерін орындауды мақсат еткен қызылордалық теміржолшылар жылдың алты айын табысты қорытындылады, деп хабарлайды Rail-news.kz. Табыс емей немене, белгіленген 836 вагонға жүк тиеу жоспарын 1094 вагонға жеткізіп, 130,86 пайызға асыра орындаған. 50341 тонна жүк тиеу межесі 69259 тоннаға жетіп, тиісінше жоспарды 137,57 пайызға жеткізген. Шілде айында станцияға келген жүк пойыздарынан 1629 вагонды ағытып, 2198 вагонды пойыздарға құрастырып тіркеген қызылор- далықтар 5276 вагоннан 287917 тонна жүк түсірген. Станция жұмысы жайлы мәлімет ұсынған Қызылорда станциясының техникалық бөлімінің инженері Мөлдір Дәулеткелдиева аймақтағы ахуалға байланысты әріптестерінің карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып жұмыс істеп жатқанын жеткізді. – Жылдың алты айында 4,59 ваг/сағатқа белгіленген транзитті вагондардың бос тұру көрсеткіші де төмендеп, 3,33 вагон/сағатты құрап, жоспар 137,83 пайызға орындалды. Құжаттарын рәсімдеу кезіндегі транзитті вагондардың бос тұру межесі 10,24 ваг/сағ белгіленсе, есепті мерзімде көрсеткіш 10,03 ваг/сағ жеткізіліп, бұл жерде де жоспар 102,09 пайызға орындалған. Жалпы жылдың алғашқы жартысындағы өндірістік жұмысымызда олқылық болған жоқ. Бекітілген көрсеткіштер 94,44 -158,37 пайыз аралығында орындалды. Транзитті вагондардың құжаттары рәсімделмей бос тұрып қалу жағдайының да белгілі себептері болды. Көршілес бөлімшелердің құрамдарды қабылдамауынан вагондардың станцияда қалып қоюы мен локомотивтердің жетіспеушілігі өндірістік жұмысқа тосқауыл болды. Дегенмен алдағы уақыттарда бұл олқылықты жойып, жұмыс ырғағын бәсеңдетпеу үшін жұмыла жұмыс жасайтын боламыз, – деді техбөлім инженері Мөлдір Дәулеткелдиева. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, карантиндік шектеулерді қатаң сақтай оты- рып ауысыммен жұмыс жасайтын станция теміржолшылары кәсіби мерекелерін осын- дай толайым табыстармен қарсы алып, енді екінші жартыжылдықта да биік межелерді бағындыруға бел шеше кіріскен.  

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады