Бәсекелестік белең алған нарық заманында қаржылық түсімдердің басым болуы негізгі қағида болып табылатыны ақиқат. Биыл Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша жүк айналымы алты айда жоспардағы 4828-ден асып, 5069,5 млнткмнеттоны құраған, яғни 105 пайызға орындалды. Ал жүк тиеу жүз пайызға жетті. Сондықтан қаржылай түсім көлемі де артты. Негізгі қызметтер бойынша табыс бюджетін орындау 106% деңгейіне жетіп, 25 млрд 175 млн 626 мың теңгені құрады. Сондай-ақ тасымалдан түскен табыс 17 млрд 945 млн 348 мың, локомотив тартудан 5 млрд 928 млн 844 мың, қосалқы-көмек қызметінен 230 млн 292 мың теңге табыс түскен.