Қазалы теміржолшылары үшін байланыс құрылғыларын күтіп ұстау - қауіпсіздік кепілі

Аймақтар
24.08.2021, 11:37
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында байланыс құрылғыларына ағымдық күтім жасауға айрықша мән береді. Күнделікті ағымдық күтімге дейін бірнеше рет арнайы құрылғылармен белгілі мамандар тарапынан тексеріліп, технологиялық талап деңгейіне келтіру – олардың күнделікті атқаратын жұмысы. Міне, бүгін де инженер Жанболат Досжановтың басшылығымен Талғат Асанов, Жаслан Нұржаубаев, Сержан Әбдаменов, Ербосын Сұлтанов, электромонтер Толқынбек Жалғасбаев электрлі жетек күтімін жасап, тетіктерінің толық жұмыс жасап тұрғандығына көз жеткізуде. Олар электрлі жетек қозғалтқышының қуат кернеуінің 220 вольт болуын, жетектің бағыттамалық бұрманы ашып-жапқан кезде кідіріссіз жұмыс жасауын, жұмыс кезінде қуат күшінің жоғалмауын бірнеше мәрте диспетчерлермен рация арқылы хабарласып, тексеруден өткізді. Жетек бекітпелері, монтаж желілері, жетектің қорғаныш қақпағы, изоляциялық қорғаныш төсемелерінің беріктігі тағы бір мәрте бақылаудан өткізілді. Тексеріс барысында электрлі жетектің толық жұмыс жасап тұрғандығына көз жекізілген соң келесі нысанға өтті.

– Байланыс құрылғыларының қалыпты жұмыс жасауы ағымдық және күнделікті күтім жұмыстарының нәтижесіне байланысты. Бүгін станциялық жолдың солтүстік алқымындағы электрлі жетектің қалыпты жұмыс жасауын тексерістен өткіздік, жетек толық жұмыс жасап тұр, – деді инженер Жанболат Досжанов.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады