Батыс өңірдегі теміржолшылар қауіп-қатерге жол бермеу шараларын пысықтады

Аймақтар
27.08.2021, 10:27
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды басты мәселе ретінде қарастырып, жазатайым оқиғасыз жылды аяқтауды мақсат еткен батыс өңірінің теміржолшылары Қызылордада бас қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz. «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Ақтөбе бөлімшесі» филиалы Қызылорда қосалқы бөлімінің бас инженері Күлхан Белкібаевтың басшылығымен компанияның Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау аймақтарынан келген қырыққа жуық теміржолшының қатысуымен өткен техникалық сабақ «2021 жылдың екінші жартыжылдығын жазатайым оқиғасыз өткізу» тақырыбына арналды. «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары К.Көбесовтің тамыз айының 5-жұлдызындағы ГПЗ/8766-И нөмерлі жеделхаты негізінде өткен басқосуға жоғарыдағы бөлімшелердің бас инженерлері мен Экология және өндірістік қауіпсіздік қызметкерлері қатысты. Бас инженер Күлхан Шапайұлының техсабақты ашып, бөлімшедегі жағдайға бейнеролик арқылы шолу жасап, әріптестерін техникалық сабақты тиімді, нәтижелі өткізуге атсалысуға шақырды. Атырау бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Картан, Ақтөбе бөлімшесінің бас инженері Жасұлан Рскалиев, Маңғыстау бөлімшесінің бас инженері Қарақат Жақанов қолдау көрсетіп, әр аймақ өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар-кеңес еркін тақырыпта өрбіп, ортақ пікір алмасуға ұласты. Қызылорда станциясының бастығы Қайрат Төрединов пен Белкөл станциясының бастығы Кенжебек Өтегенов станция теміржолшыларының технологиялық процестер кезіндегі еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындауы жайында, Қазалы вагон пайдалану депосының инженері Әділхан Тынымбаев техникалық сабақты техталап негізінде жүргізу, Қызылорда локомотив пайдалану және Қазалы айналым депосының инженері Қанат Камилаев тепловозды ТО-2 процесінен өткізу тақырыбында бейнероликтер көрсетіп, процестің қалай жүргізілетінін егжей-тегжей түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Баяндамашылар оқыс оқиғаның орын алу себептерін де және олардың алдын алу жолдарын да тілге тиек етті. Мәселен, пойыз құрастырушылардың еңбек өтілінің аздығы мен тәжірибесіздігі, басшы құрамның жұмыс технологиясы барысын қадағаламауы мен персоналмен жұмыс жасаушы органдардың білім сіздігі, жұмысшы білімінің жетіспеуі, маневрлік жұмыс барысында жұмыс тәртібінің сақталмауы, локомотив бригадасының регламент сақтамауы мен жұмысшы мен басшы құрамның арасында тығыз байланыстың болмауы да қауіпсіздікке әсер ететіні сөз болып, Белкөл станциясының басшысы Кенжебек Өтегенов осын- дай мәселелерден арылып, оңтайлы шешімін табу керектігін білдірді. Жалпы техсабақтың қызықты өтуіне қатысушылардың бәрі де атсалысты. – Қызылордалық әріптестер жарады. Бізге көрсетілген бейнероликтер шынайы, нағыз жұмыс барысында түсірілгенімен ерекшеленіп тұрды. Өндірістегі келеңсіз жағдайдың алдын алуға бәріміз міндеттіміз, биылғы жылдың екінші жартысын тосын жағдайға жол бермей өткізу бүкіл теміржолшының алдына қойылған меже болып отыр, – деді Ақтөбе бөлімшесі Экология және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің басшысы Қоблан Сүндетұлы Бектұрғанов. Ұйымдастырушылар атынан семинарға модераторлық еткен Экология және өндірістік қауіпсіздік қызметінің басшысы Ғалия Көпжасарова бүгінгі шара қауіпсіз жыл өткізуге қадам боларына сенім білдірді.  

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады