Тұманды бекеті заманауи құралдармен жабдықталған

Станция тынысы
01.07.2022, 13:08
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау темір жолына қарасты Тұманды станциясы шағын болса да шаруасы мығым бекет. Станцияда қозғалыс қызметін қамтамасыз етіп отырған кезекшілер, вагон қараушылар, белгі берушілер мен электромеханиктер, жолшылар бір кісідей жұмыла еңбек етуде.

Атырау сигнализация және байланыс дистанциясының қызмет көрсету аясының жалпы ұзындығы 293 6 шақырымды құрайды. Яғни, ол Атырау мен Д.Нұрпейсова станциялары аралығын қамтиды. Осы аралықта 22 станция бар. Ол станцияларда 274 бұрма, 689 сигнал, екіжақты 294 сигнал электрлендірілген орталыққа қосылған. 25 өткел АПС құралымен, ал барлық шағын бекеттер АЛСН қондырғысымен жабдықталған. Солардың бірі – Тұманды бекеті. Станция кезекшісі Өтепов Жомарттың айтуынша, мұнда барлық байланыс және белгі беру құралдары орнықты жұмыс жасап тұр. Станция арқылы тәулігіне 10 жүк және екі жолаушылар пойызы өтеді. Солардың бәрін қабылдау, өткізу ең алдымен байланыс және белгі беру жүйесінің дұрыс жұмыс жасауына байланысты. – Бүгінде заманға сай барлық құралдар электрлендірілген және цифрлық басқаруға көшуде. Мәселен, КТСМ қондырғысы жүріп келе жатқан пойыз доңғалақтарының ақауын тез тауып, көрсетеді. Бәрі мына алдымыздағы компьютерде тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Сол секілді бағдаршам, бұрмалар, басқада құралдар жұмысы үнемі назарымызда. Цифрлы тікелей байланыс та орнатылған, онымен өз өңіріміз түгілі, астанадағы теміржол мекемелерімен де, басшылықпен де сөйлесе аламыз, – дейді ол. Жомарт Өтепов станция ашылғалы бері осында электромеханик болып жұмыс істейді. Компанияның оңтайландыру және өндірістік қызметтерді біріктіру саясатына орай бүгінде станция кезекшісі қызметін де қоса атқаруда. Ол үшін арнайы қосымша білім алып, сынақтан өткен. Өндірістік қызметтерді біріктіруге байланысты пікірін сұрағанымызда, ұқсас қызметтерді оңтайландыру арқылы біріктіруге болады, егер ол теміржолшы үшін артық жүктеме болмаса деп жауап берді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды