Сарыағаш станциясы – айрықша мәртебеге ие

Станция тынысы
19.08.2022, 09:58
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Асхат Райқұл

Қазақ-өзбек шекарасында түйіспе станция рөлін атқаратын Сарыағаш – айрықша мәртебеге ие. Нышанбай Серікбаев осы станцияның коммерциялық тексеру пунктінде аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушы болып жұмыс істейді. Қырық жылдан астам еңбек өтілі бар майталман биыл «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

 Тәжірибелі теміржолшы шекаралық станцияда жұмыс істеудің өзіндік ерекшелігімен бөлісті. Қазіргі таңда Өзбекстанға Қазақстаннан кететін пойыздарды қабылдайтын ауысым жетекшісінің қарамағында 6 жүк қабылдап-жөнелтуші бар.  

– Күніне 8-15 пойызды қабылдаймыз. Вагондар тоқтап, электр жүйесі толық өшірілгеннен кейін тексеруге кірісеміз, пломбасы қалай, ақаулықтары, тесіктері, жырылған-сырылған жері жоқ па, мұқият қарап шығамыз. Қандай да бір кемшілік табылып жатса, актпен тіркеп тапсырамыз. Өзбекстаннан көбіне мақта, тыңайтқыштар келсе, Қазақстаннан ол жаққа бидай, Ресейден ағаштар жиі өтеді. Екі ел арасындағы транзиттік жұмыс көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Соған орай жұмыс көлемі де артып, станция ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – теміржолшылар үшін жақсы нышан. Түйісу бекеті болған соң жұмыс өзге станцияларға қарағанда күрделі, себебі көрші елдің теміржолшыларымен қоян-қолтық жұмыс істеу қажет. Жай ғана жұмыс істемей, барынша жауапты, арнайы нұсқаулықтан ауытқымай, регламентті сақтап жұмыс істеу қажет. Шекаралық станция болған соң осындай қарым-қатынас қағидатын сақтамай болмайды, – дейді тәжірибелі теміржолшы.  

Келесі жылы зейнетке шығатын Нышанбай Серікбаев Шеңгелді станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген екен. Әкесі Өрісбай өмір бойы тепловоз машинисінің көмекшісі болған. Сондықтан болар, үш ұлы да алысқа ұзамай әке кәсібін жалғаған. Кейіпкеріміз алғашын да коммерциялық ақауларды жөндеуші болып тәжірибе жинайды, кейіннен пойыз қабылдаушы болады. 1982 жылдан бастап аға пойыз қабылдаушы. Түйісу станциясы мәртебесі Шеңгелдіден Сарыағашқа ауысқан соң 2005   жылы Нышанбай Өрісбайұлы да басшылықтың қалауымен курортты аймақтағы ерекше мәртебеге ие болған станцияға ауысып, еңбек жолын жалғастырады.  

Салада жоғары немесе арнаулы орта білімі болмаса да, сан жылдық тәжірибесі оны абырой биігіне көтерді. Адал еңбегі үшін ҚР Президентінің Құрмет грамотасына ие болды. Ал биыл «Құрметті теміржолшы» белгісін Компания басшысының өз қолынан алды.  

Бүгінде бес баласының екеуі – теміржолшы. Бірі әскерилендірілген күзетте, екіншісі машинист болып еңбек етеді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды