Теміржолшыларды маусымдық киіммен қамту басты назарда

Станция тынысы
06.09.2022, 10:09
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясында жұмысшылардың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі әрдайым басшылық назарында. Әсіресе, жолшылардың қысқы-жазғы маусымдық киіммен қамтамасыз етілуі айрықша бақылауға алынған.

 Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері Майра Бадрақованың мәліметінше биыл жыл басынан бері 23 түрлі арнайы киімге тапсырыс беріліп, маусымдық киіммен қамту 100 пайыз орындалған. Яғни, сұраныс дер кезінде келіп жетіп, жұмысшыларға таратылған. 

– Биыл дистанция бойынша 541 жиынтық мақта-мата костюмі, 4215 жұп қолғап, 133 плащ, 550 жаздық бас киім, 3 дана дәнекерлеуші костюмі, 30 жұп әйелдердің бәтеңкесі, 20 жұп резеңке етік, 5 жұп диэлектрлік қолғап, 350 белгі беру жилеттеріне тапсырыс берілді. Олардың бәрі түгел алынып, еңбеккерлерге таратылды. Жұмысшылар жаздық арнайы киімдермен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Бүгінде қысқы маусымдық киімдерді түгендеп жатырмыз, – деді еңбек қорғау инженері Майра Бадрақова. 

Жазғы аптап ыстықта жолшылар қауіпсіздігі қатаң бақылауда ұсталған. Жұмыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізіліп, далада жұмыс істейтін жолшылардың бірін-бірі көзден таса қылмауы, таңертеңгі кешкі салқында  белгіленген уақытта жұмыс істеуі қарастырылған. Және жұмысшылардың түскі үзіліс уақытында демалуы және тамақтануы үшін қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі таңда күн салқындап, жұмыс кестесі қалыпты жағдайға көшірілген. 

Сонымен қатар, жол дистанциясының жұмысшыларына арналған қызметтік ғимараттарда 393 киім шешетін гардероб, жуынып-шайынатын 26 душ, 43 қолжуғыш, 42 киім кептіретін шкаф қарастырылған. Дистанция бойынша жыл басынан бері өндірістік жарақат орын алмаған және «Жолдағы адам» жүйесі бойынша барлық жағдай бақылауда. 

Жолшылардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалу үшін арнайы комиссия мүшелері тарапынан жұмыс орындарының талапқа сай жайлылығын тексеру жұмыстары өткізіліп, арнайы рұқсат беріледі. Мәселен, осы жылы 2 жұмыс орнын аттестациядан өткізу жоспарланып отыр. Ал зиянды жұмыс орындарында еңбек ететіндер сүт өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етіледі. 

Мысалы, биылғы жылы «СвязьстройСнабСервис-2008» серіктестігімен келісім-шарт жасалып, 1120 литр сүтке тапсырыс берілген. Бүгінге дейін 368 литр сүт жұмысшыларға таратылған. 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты