Шеберханадан дистанцияға айналған

Станция тынысы
01.12.2022, 09:52
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр өңірінде пайдаланғанына көп уақыт бола қоймаған жаңа телім Сексеуіл-Қоскөл және Сексеуіл-Жосалы станциялары аралығындағы теміржол нысандарына қызмет жасайтын Қазалы белгі беру және байланыс дистанция ұжымына осы аралықта пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы жүктелген екен.  

Дистанцияның негізі Сыр бойына теміржол саласының алғашқы қазығы қағылғанда механикалық шеберхана ретінде жұмысын басталғанмен қазіргі таңда сол шеберхананың орнында алып мекеме жасақталып шыққанын көруге болады. Алып мекеме дейтініміз сонау жылдарда ашылған мехшеберхана қазіргі таңда заманауи технологиялармен жабдықталып, байланыс пен белгі беру нысандарының бәрі дерлік цифрланып, пойыздар қозғалысына қызмет көрсететін теміржол тетіктерінің түгелі заманауи технологиялармен жаңарып, жасақталған. Жаңарған деуімізге тағы бір себеп Сексеуіл-Қоскөл телімі бойында қолданыстағы мобилді байланыс толығымен байланыстан шет қалғанда осы дистанцияның «Тетра» байланыс жүйесі жұмыс жасайды. Осының өзі-ақ қазіргі Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының әлеуетінің жоғары деңгейде екендігіне дәлел бола алады. Қазіргі заманға сай жаңарып, жағңғырған дистанциясының, өндірістік жұмысы дистанцияның жалпы бүгінгі ахуалы жайлы мекеме басшысы, тәжірибелі әрі білікті теміржолшы Ғани Ысқақовпен жолыққанда хабардар болған болатынбыз.  

Басшының мәлімдеуіне қарағанда жыл басынан бергі сегіз ай ішінде дистанция бойынша Сексеуіл-Жосалы және Сексеуіл-Қоскөл станциялары аралығында жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталып, осы учаскелердегі СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс, КТСМ құрылғыларына техникалық күтім жасалып, оларға ағымдық жөндеу, күтім жасау жұмыстарын жүргізіп келеді. Пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде ақау секілді тосын жағдайлар орын алмаған екен.

Алайда өткен сегіз айда СОБ құрылғыларының әртүрлі себептерге қатысты жұмыстан тыс қалуы 15 рет орын алса, оның 8 мәртесінде тек дистанция есебіне теркелсе, өзге 7 жағдай осы аралықта жұмыс жасайтын мекемелердің еншісіне тіркелген екен. Байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалуының соңғы тіркелген бір-екеуін таратып айтар болсақ, онда мамыр айында Қазалы-97-бекет перегонында электр қуатының жоғалуынан 2стативте қызыл жарық жанып 1076 пойыз 0,03минут кідірген, ал маусым айында ТШ-65 тізбегіндегі 40 ом-дық үйкелістің дәнекерленуі зауыттан сапасыз жасалуы салдарынан Бостандық-Байқожа станциясы аралығында 1125 пойызға нөмірі 5-сигнал нүктесі қызыл жанған, тамыз айында Бекбауыл-Қамыстыбас перегонында электр қуатының кідірісінен нөмірі 27 стативтен 41 пойызға қызыл белгі беріліп 02 минут аялдауға мәжбүр болған. Анықталған кемшіліктер заматында жауапты мамандарға хабарланып, кедергілер жөнделіп, құрылғылар техникалық күтімге алынған. Қарап отырсақ байланыс құрылғылары жаңарып жасаруда дегенмен арасында сонау одақ заманында зауыттан шығып әлі күнге жаңасымен ауыстырылмай, дистанция инженер-механиктерінің сәт сайын жөндеп, баптайтын тетіктер кездесетінін байқауға болады екен.

Ал жылжымалы құрамдарды бекеттерге қабылдап-жөнелту кезінде негізгі байланыс құрылғыларының істен шығып жабылып қалуы тіркелмеген.

Қазалылық белгі беруші-байланысшылар тарапынан жылжымалы құрамдардың жүйесін тексеретін УКСПС, пойыз вагондарының көлемін бақылайтын КГУ құрылғыларымен жылжымалы құрамдарды бақылау барысында аталған құрылғылардан кемшілік тіркелмеген. Алайда байланыс құрылғыларының оның ішінде кабелдердің қолды болуы салдарынан 3 рет байланыстың жоғалу жағдайы орын алған екен. Осындай келеңсіз жағдайдың орын алуына белгісіз сұқ қолдылардың байланыс құрылғыларын заладауы, желілерді зақымдауы да себеп болуда. Байланыс кабелдері мен құрылғылардың қолды болуын болдырмау мақсатында жергілікті құзырлы органдармен қажетті жұмыстар жүргізілгенімен сұқ қолдан арылу қиын жағдайға айналып отырғаны байқалады.

-Ағымдағы жылдың шілде айында Диірментөбе-Қорқыт станциялары арасындағы 2633 шақырымның 6-жүздігінде (пикетінде) К-60П-ның 1және 2-жүйесінің байланысы үзілген. Байланыстың үзілуіне МАУМ-К-7х4 маркалы магистральдық байланыс кабелінің қолды болуы себеп болған. Орын алған жағдай жергілікті құқық орғау органдарына тапсырылып, шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізілді. Міне, осындай келеңсіздік дистанцияның жұмыс сапасын төмендетуге себеп болуда. Біздер тәуліктің қай мезгілі болмасын орын алған жағдайларды орнына келтіру үшін шұғыл жұмыс жасау арқылы жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына қызмет жасаудамыз. Ол үшін әріптестерімді әр бір байланыс құрылғысының, оның әр тетігінің тілін терең меңгеруге баулудамын,-дейді дистанция басшысы.  

Жылжымалы құрамдарды телімдерден бекітілген кесте бойынша қабылдап-өткізу жұмыстарын жыл басынан кешіктірмей өткізген қазалылық теміржолшылар КТСМ құрылғыларымен өткен жылы 137716 пойыз бақыласа, биыл 149074 жылжымалы құрамды бақылаудан өткізген. Осы пойыздардың ішінен 43 данасы локомотив буксының қызуы, вагон буксының қызуы, тежелу салдарынан тоқтатылып себептері 100 пайыз анықталған екен. Дистанциялықтар байланыс құрылғыларына кешенді жоспарлы шараларды және ағымдық күтім жұмыстарын күнделікті жүргізіп мекеме тарапынан кемшілік орын алмауын басты назарда ұстаған. Осы мақсатта бірқатар жұмыстар атқарылып байланыс құрылғыларының бабын жасау, ескісін жаңасымен немесе жарамдысымен ауыстыру, стативтерді біркелкілік стандартына келтіру шараларын тұрақты жүргізген. Мәселен 149 дана электрліқозғалтқышты ауыстыру межесі бекітілсе, оның 84 данасы алмастырылған, 43 дана электрожетекке жөндеу жұмыстары жасалынған. Станция стативі монтажының 25 данасы пайкіленген, релелік шкафтың 23 данасы монтаждалып қайта жарақталған.  

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға міндеттелген дистанциялықтар байланыс құрылғыларына ағымдық күтіп жасап инженерлік-техникалық іс-шараларын толықтай орындауда екен. Мәселен Сексеуіл, Құрлық, Конту, Арал теңізі, Сапақ, Аралқұм, Қамыстыбас, Шөміш, Бекбауыл және Қазалы станциялары аралығында СОБ құрылғыларының тетіктерін кешенді алмастыру жұмыстарын жүргізген. Шөміш станциясында М5 маневрлік мачталы қосымша бағдаршамы орнатылған. Қазалы-Төретам учаскесінде СОБ, КТСМ және байланыс кабелдерін тереңдету жұмыстары жасалған.

-Біздің дистанцияда байланыс құрылғыларына кешенді және ағымдық күтім жұмыстарын жүргізумен қатар РШ және стативтерді монтаждау кезінде, кабелдерге күтім жасауда, рельс тізбектерімен жұмыс жасағанда, КТСМ құрылғыларына күтім жүргізгенде, байланыс құрылғыларына дистанцияның шеберханасында жөндеу жұмыстары атқарылғанда тәжірибелі, маманданған теміржолшылардың тәжірибесін пайдалануға басымдық беріледі. Олардан жас буынның үйренуіне мән беріледі,-дейді Ғани Ысқақов.  

 

Жолаушылар тасымалы
21.11.2024
№42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жаңалықтар
21.11.2024
Құрық портының түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Спорт
21.11.2024
Теміржолшылар арасында спартакиада өтті
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ жол диагностикасының инновациялық технологияларын енгізуде
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтуде
Жолаушылар тасымалы
20.11.2024
Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді
Жүк тасымалы
20.11.2024
Ақмола бөлімшесі 307 мың тоннадан астам астық тиеді
Жаңалықтар
20.11.2024
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Әлемде
20.11.2024
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша келіссөздің соңғы сатысы жүріп жатыр
Жаңалықтар
20.11.2024
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей көлік министрлері кездесті
Жаңалықтар
19.11.2024
Ақмола теміржолшылары республикалық ІТ-семинардың жеңімпазы атанды
Инфрақұрылым
19.11.2024
Премьер-Министр жоспарланған теміржол желісін салуды уақытылы аяқтауды тапсырды
Жаңалықтар
19.11.2024
Пойызда ішімдік ішкен Қырғызстанның екі азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Спорт
19.11.2024
Теміржолшы пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионы атанды
Спорт
19.11.2024
Бейнеу станциясында ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті
Жолаушылар тасымалы
19.11.2024
Тасымал талабы қандай?
Аймақтар
19.11.2024
«Білім экспресі» – Арыста
Инфрақұрылым / Апта саны
19.11.2024
Биыл 570 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
19.11.2024
Үздік өрт сөндіру пойызы
Жаңалықтар / Мұрағат
19.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №98 19 қараша 2024 жыл