Әндері хитке айналған теміржолшы

Станция тынысы / Бейнелер
17.02.2023, 09:34
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ станциясының тұрғыны, «Теміржолсу-Маңғыстау» мекемесінің шебері Бақытжан Битиковті жерлестері «біздің жұлдызымыз» деп мақтан тұтады. Расымен, ол – болашақтықтардың ақыны, сазгері мен әншісі, ауыл-елдің бірде-бір мерекесі онсыз өтпейді.

Өлеңнің сөзін де жазып, әнін де шығарып, оны домбырамен мақамына келтіріп орындайтын жігітті «сегіз қырлы, бір сырлы» десе болғандай. Дегенмен, кәсібі теміржолшы болғасын өнердің соңына түсіп, жұлдыз болуға ұмтылған емес. Ауылдастары мен әріптестерінің қолқалауымен арагідік түрлі байқауларға қатысып, бағын сынайды.  

– 2016 жылы Астанада өткен халықаралық «Жарық жұлдыз» авторлық ән байқауына қатысып, диплом алдым. 2018 жылы Қазақстан авторлары мүшелігіне өтіп, 2019 жылы Алматы қаласында Әлем бейбітшілік қоғамының «Өнерге үлес қосқаны үшін» медалімен марапатталдым. Былтыр желтоқсанда «Шайыр Шынберген» I республикалық ән байқауынан «Серіден сыбаға» аталымы бойынша бірінші орын алдым. Дегенмен соңына түсіп өнер қумақ ойым жоқ, ауыл-елге қызмет етсем болды, кейде әлеуметтік желіге жүктеп қоятыным ғана бар, – дейді Бақытжан Битиков.  

Болашақ станциясымен болашағын байланыстырған кейіпкеріміз – төрт перзент тәрбиелеп отырған жарасымды отбасы иесі.  
Әндері хитке айналған теміржолшы Бақытжан Битиковтің Болашақ станциясы жайлы шығарған әнін тыңдай отырыңыздар:

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды