Семейлік теміржолшылар асарлатып жатыр

Станция тынысы
29.05.2023, 10:13
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесінің теміржолшылары атадәстүрді жаңғыртып, игілікті шараны қолға алды. Олар тез бітуі тиіс құрылыс нысандарының жұмысына асарлатып кірісуде.

Алғашқы шара жуырда тораптық Шар станциясында қолға алынды. Өзге мекемелердегі әріптестерін асарға шақырғандар семейлік вагон шаруашылығының теміржолшылары жуырда Шардан өз қызметкерлеріне арнап жұмыс арасында ас-суын ішіп, демалып, қыстың аязды, қарлы боранды күндері жылынатын шағын үйшік құрылысын қолға алған еді. Негізгі ұйымдастырушы – салалық кәсіподақ ұйымы.  

Асарға Шар станциясының бастығы Бейімбет Бейбітұлы бастаған қозғалысшылар, теміржол вокзалының қызметкерлері және кәсіподақ белсенділері білек сыбана қатысты. Құрылыс орнына алғашқы болып қазық қаққан ВЧД-23 мекемесінің басшысы Ерзат Хасенов пен депоның кәсіподақ төрағасы Ертай Темірбеков те жаңа нысанның іргетасын бірге құйысты. Алдағы уақытта өзге де салалас мекемелердің өкілдері құрылысқа атсалысып қол ұшын бермек.  

– Шардағы вагон қараушыларға арналған үйшік бұрыннан қажет болып жүр еді. Басшылықпен кеңесе отырып, асар дәстүрімен құрылыс жұмыстарын қолға алдық. Материалдардың барлығы өз мекемемізден. Өзге ұжымдардан келген әріптестеріміз құрылысына жәрдемдесуде. Нысанды алдағы теміржолшылар мерекесіне дейін бітіруді көздеп отырмыз, – дейді Семей вагон пайдалану депосының бастығы.    

Вагоншылар басқаларға «қарыз» болып қалмасы анық. Олар Шардағы станция, вокзал, локомотив шаруашылығының теміржолшыларына кез келген іс-шараны жүзеге асыруда көмек көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды