Шоқтығы биік Шиелі станциясы

Станция тынысы
05.06.2023, 14:44
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шиелі станциясының ұжымы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін көздің қарашығындай сақтап, өздеріне жүктелген міндетті шашау шығармай атқаратын тәжірибелі ұжым саналады. Сондықтан аймақтың оңтүстігінде орналасқан бекеттердің ішінде Шиелі станциясының шоқтығы биік, әлеуеті жоғары.  

Шиелі станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров ұсынған мәліметтерден 1733 вагонға жүк тиеу жоспарын 1780 вагонға жеткізіп, межені 103 пайызға орындаған шиеліліктер 120 375 тонна жүк тиеу межесін 112 пайызға дейін арттырғанын білдік.  Жалпы сөз басында айтып өткеніміздей, шиеліліктер – бекітілген тапсырмаларды орындауда тәжірибелері мол, шеберліктері шыңдалған ұжым.  

– Теміржол көлігін пайдаланатын тұрақты клиенттермен үнемі кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, тасымалданған жүктерге берілетін жеңілдіктер мен қосымша мүмкіндіктер жайлы ақпарат беріп отырамыз. Осының да әсері болса керек, станция жолдары мен оннан аса кірме жолда маневрлік жұмыстарда болсын, тиеп-түсіру жұмыстарында болсын жұмыс тоқтаусыз, ретті жүріп жатыр, кідіріс орын алып жатқан жоқ. Біздің ұжымда кездейсоқ адам жоқ, кіл кәсіби мамандар шоғырланған, барлығы өз ісін жеткілікті деңгейде меңгеріп, шеберліктерін шыңдаған тәжірибелі мамандар, дегенмен станция кезекшісі Ғалымжан Кембулбаев, пойыз құрастырушылар Ғабит Сайранов пен Қуаныш Қойшыбаевтар нағыз өз ісінің үздіктері саналады, ақпаратшы-оператор Мөлдір Диханбаеваның шапшаңдығы мен жеделдігі де көрсеткішіміздің жоғары болуына өз үлесін қосады, – дейді Нұрғали Жүрсінұлы.

Жалпы шиелілік теміржолшылар көрсеткіштерін 106-120 пайыз арасында асыра орындаған. Мәселен, 3500 вагонның орнына 3705 вагоннан жүк түсірген жоспарды 106 пайызға жеткізсе, 68,0 тоннаға белгіленген есептік жүктемені 69,4 тоннаға жеткізіп, жоспарды 120 пайыздан бір-ақ асырған.  

  

Бекет жұмысын өркендетіп, жүк тарту жұмыстарына ерекше  мән беретін станция басшылығы аудандағы іргелі өндіріс орындары «Қазатомпром» кәсіпорнымен қоса осы мекеменің еншілес кәсіпорындары «ТТК-Шиелі», «МКС компаниялары» және «Мырзабаев», «Тәжібаев» және «Тұрманов» секілді жергілікті кәсіпкерлердің тапсырыстарын талап деңгейінде атқаруды өздеріне міндет санайды.    

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті