Ақжайықта 60 кірме жол бар

Станция тынысы
27.07.2023, 15:01
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ақжайық станциясы - Атырау қаласының ортасында орналасқан станция. Жүк тасымалын орындауда өзіндік орны бар, толық  мүмкіндігімен жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдары өнім көлемін ұлғайтқан Атырау мұнай өңдеу зауыты көлік инфрақұрылымын дамыту инвестициялық бағдарламасына сәйкес, зауыт ішінен «Промышленная станция» салып, зауыттың кірме жолын Теңдік станциясымен жалғады.  

Енді вагон-цистерналар зауыттың сұрыптау станциясы арқылы өткізіліп, ол вагондар Ақжайық станциясына соқпай, айналып өтеді. Ал бұл Ақжайықтың құрамаларды тарату және құруды өз жылжымалы құрамымымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Яғни, жұмысы жеңілдеді. Станцияның 7 қабылдап-жөнелту, 3 тұрақтау жолы бар. Маневр жұмыстары станция ішінде жасалады, ол екі маневрлік тепловозбен атқарылуда. Станцияның бұрынғыдай Атырау мұнай өңдеу зауытымен тікелей қарым-қатынасы болмағанына қарамастан, жүк көлемі кемімеген. Станциядан күніне 2-3 пойыз, 100-150 вагон қабылдап-жөнелтіледі, жолдары қысқа, дөңесі жоқ станция үшін бұл аз емес, әсіресе жүк тиеу мен түсіру көлемі артып кеткен кезде қиын. Жалпы, қалаға келетін жүктің 60 пайызы аталған станцияға тиесілі. Биылғы жарты жылда барлығы 571 пойыз, 12570 вагон қабылданыпты.  

Станция бастығы Бағытжан Абрахмановтың берген мәліметіне сәйкес, өткен алты айда жоспар межеден көріне алды. Мәселен, вагон айналымы 198,65%-ға орындалды. Орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарда тәулігіне 2 вагон болса, ол іс жүзінде 4 вагон болып, 200% орындалған. Тоннамен есептегенде станция арқылы тәулігіне 202 тонна жүк тиеліп, жоспар 100  пайызды құрапты. Өңірдегі мұнай компанияларының тоқтаусыз жұмыс жасауы тасымал көлеміне оң әсер етіп тұр. Ал, жүк түсіру тәулігіне 47 вагон болса, ол 70 вагон болып 149 пайызға жетті. Атырау аймағында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань»,  «Миялы-Қарабау-Индер» автожолдарында құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруі де жүк көлемі мен салмағының артуына ықпал етіп отыр. Жергілікті вагонның бір жүк операциясына тұруы да 148 пайызды құрап, жоғары көрсеткішке жеткен.  

Ақжайық станциясына қарасты жүк түсіріп-тиейтін 60 кірме жол бар, солардың нақты қолданыстағысы - 54. Олардың қатарында   құрылыс материалдарын қабылдайтын «Атыраутемірбетон», «УПТК», «Жариков», Ақтөбе ЛСИ» ЖШС, тамақ өнімдерінің «КДК», «Мәдина», «АЛК», «ТНП», «Амистас», т.б. жолдар бар. Олар қаланың әр түкпірінде орналасқан. Соған сай әркім өзіне қолайлы деген кірме жолдан қажетті жүктерін түсіріп ала алады. Міне, осы кірме жолдарда түсіріліп жатқан жүк көлемі де айтарлықтай. Басқа станциялар сияқты мұнда тек мұнаймен ғана жұмыс жасамайды, цистерналарға бензин, мазут, реактивті отын құйылады, еліміздегі ауыл шаруашылығы мекемелеріне тапсырыс бойынша дизель отыны жіберіледі, халық тұтынатын тауарлар да осында келеді. «Жалпы, станция  жұмысы қалыпты, қазіргі уақытта жүк тасымалының көлемі де көңілден шығады», дейді станция бастығы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды