Белкөлдіктер бағындырған белестер

Станция тынысы
21.09.2023, 12:04
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Белкөл – екінші класты жүк станциясы болса да, станция мен отыз шақты кірме жолындағы пойыздар қозғалысы тәулік бойы толастамайтын бекет. Бекет теміржолшылары тамыз айындағы 22 вагонды жүкпен толтыру жоспарын 32 вагонға дейін жеткізіп, межені 145 пайызға, 600 вагонды жүгінен арылту тапсырмасын 796 вагонға дейін жеткізіп, жоспарды 133 пайызға орындапты.  

Өткен сегіз айда белкөлдік теміржолшылар 4582 вагоннан жүк түсіру межесін 7445 вагонға дейін жеткізіп, жоспарды 162 пайызға асырып орындай білген. Жалпы станция бойынша аталған уақытта өндірістік жұмыс көрсеткіштері 97-162 пайыз аралығында орындалған. Осыншама жұмысты кәсіби деңгейде орындау әріптестерінің кәсіпке деген адалдығы мен бекітілген тапсырманы аса ыждағаттылықпен атқаруының нәтижесі екенін тілге тиек етті станция бастығы Кенжебек Өтегенов.  

Кезінде станция жолдарындағы, өңірде өндірілетін мұнай, газ жүктелген тіркемелер легінің ерсілі-қарсылы қозғалысы тыйылмайтындай көрінгенмен,  бұл шикізаттар тасымалы бір күнде құбырмен тасмалдануға көшіріліп қазіргі таңда олардың орнын құрылыс заттары, тұрмысқа керек қажеттіліктер, астық тиелген вагондар алмастыруда. Соның өзінде бағытына басымдық беретін Белкөлдегі тынымсыз тіршілік саябырсыған емес.

Таңертеңгілік жұмыс станция бастығы Кенжебек Өтегенов бастаған бекет басшылығының атқарылған жұмыстар есебін тыңдау, күнделікті тапсырмаларды бекітіп пысықтау, ауысым алдындағы инструктаж секілді өндірістік қауіпсіздік талаптарын әріптестерінің есіне түсіріп, сақталуын қадағалаудан басталады.  Бекеттегі бүгінгі қозғалысты станция кезекшісі Гүлмира Жүнісова қолына алыпты. Кезекшінің пәрменімен бекеттің пәлен жолындағы құрамынан вагондарды ажыратып, келесі жолға шығаруға пойыз құрастырушы Кенжебек Малгайдаровқа тапсырма беріліпті. Мұның орындалуында кезекші мен пойыз құрастырушы арасындағы сөйлесу регламентінің нақты, анық талапқа сай болуы да өндірістік жұмыстың кемшіліксіз орындалуына кепіл бола алады.  

Бекетке аялдайтын жүк құрамаларының және де техникалық аялдама жасайтын №32-33 Алматы-Ақтөбе-Алматы, №55-56 Қызылорда-Көкшетау-Қызылорда секілді бірнеше жолаушылар пойыздарының тиісті жолға келіп тоқтауын, сервис жасалған соң қайта жөнелтілуін, жалпы бекет паркіндегі қозғалысты парк кезекшісі Қыдырбай Болтабаев кәсіби деңгейде атқаруда екен. Жалпы бұл өндірістік бекеттегі бір сәттік көрініс болғанымен, белкөлдік теміржолшылардың бекітілген тапсырмаларды әбжіл қимылмен, нақты орындай білуінде болса керек.  

– Белкөлдік әріптестерімнің барлығы өз ісін жете меңгерген, бекітілген тапсырмаларды уақытылы орындайтын мақтауға да, марапатқа да лайық теміржолшылар. Мәселен, тауар кассирлерінің есепке жүйріктігі, жүк қабылдап тапсырушылардың өз істерін жете меңгеруі, кезекшілер мен олардың жанындағы операторлардың жолдардағы қозғалыстың ретін алдын ала реттей білуінің барлығы – бекет теміржолшыларының бір күндік жұмысының көрінісі. Айтпағым, әрбір белкөлдік теміржолшы өзіне жүктелген тапсырмаларды кәсіби деңгейде атқаруға күш салады, – деп әріптестеріне сенімділігін білдірді станция бастығы Кенжебек Өтегенов.

Қазіргі таңда жалпы компания бойынша өткізілетін күзгі комиссиялық тексеруге дайындық жұмыстарына да ден қойған белкөлдіктер аталған тексеруден кемшіліксіз өткізілуі үшін жан салып жұмыс жасауда екен.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды