Арыстағы «Теміржолшылар» саябағы ретросаябаққа айналуы мүмкін

Станция тынысы
27.06.2024, 13:16
Оқуға 2 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыстағы ШЧ-38 мекемесінде «Қазкөліккәсіп» Шымкент филиалы  ұйымына қарасты мекеме, кәсіпорындардағы кәсіподақ өкілдерінің көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібінде Арыс қаласының орталығындағы аумағы 2,5 гектарды құрайтын «Теміржолшылар» саябағын басқаруға алып, оны заманауи ретросаябаққа айналдыру мәселесі қаралды.

Жиынға жетекшілік еткен филиал төрағасы Нағима Салықбаева осы мәселемен жуырда ғана кәсіподақ өкілдері Астанаға арнайы іссапармен барып-келгендерін айтып, бұл ел игілігі жолындағы жарқын жоба екендігін алға тартты. Ал саябақты меңгеру процесіне қатысты сөз алған Арыс станциясының кәсіподақ өкілі Телғозы Шорахан нысанды меңгеруге алу мерзімі ақысыз 15 жылды құрайтынын тілге тиек етті.

– Қала әкімі Гүлжан Құрманбековамен кездесіп, біз теміржол мекемелері атынан саябақты күтіп ұстау арқылы табыс көзіне айналдыру мақсатында 15 жылға өз иелігімізге алу жөнінде нақты шешімге келдік. Ендігі жерде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», осы ойымызды іске асырғанымыз жөн. Ал биылғы жоспар Тәуелсіздік күніне орай ашық шағын  футбол алаңын салуды қолға алайық, – деді Т.Шорахан.

Ашық талқылау соңында оң шешімге келген жиынға қатысушылар «Теміржолшылар» саябағын гүлдендіруге қатысты ұсыныс, пікірлерді тыңдау үшін алдағы екі жұма ішінде мекеме, кәсіпорындарда көшпелі отырыс ұйымдастыратын болды. Сөйтіп, сол жиын қорытындысы негізінде толтырылған хаттамаға сай саябақты дамыту жоспары бекітіледі. Өйткені мұндай нысанды меншігіне алып, жобаны іске асыру құқығы «Қазкөліккәсіп» ұйымында болмағандықтан, кәсіподақ өкілдерінің құрылтайшылығы негізінде құрылған шаруашылық жүргізу мекемесін құру арқылы істі ілгерілету көзделуде. Кәсіподақ өкілдерінің түсіндіруінше, бұл мәселені шешудің заңды әрі тиімді жолы.  

Үш жыл бұрын аталған саябақ Арыс қаласының 65 жылдығына орай, күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне берілген болатын. Теміржолшылар саябағының қақ ортасына ашық аспан астындағы музейдің негізгі экспонаты ретінде көне паровоз қойылған. Ендігі жерде оның маңына спорт алаңы мен көңіл көтеруге арналған түрлі ойын-сауық құрылғыларын орнату арқылы нысанды заманауи ретросаябаққа айналдыру көзделуде. Ресми дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда Арыс қаласында 45 мыңнан астам тұрғын болса, оның 5 мыңға жуығы теміржолшылар екен.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды