Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді

Станция тынысы
19.07.2024, 12:25
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласынан 35 шақырым қашықта орналасқан екінші класты Шағыр станциясы шағын болса да көтерер жүгі қомақты. Бір ғана кірме жолы бар станция Қазақстанмен ғана шектелмей, халықаралық бағытта да қызмет көрсетеді.

Бұл күнде транзиттік бағыттағы Ресейдің шикі мұнайы осы жерге дейін құбырмен келіп, Шағырдағы эстакада арқылы цистернаға құйылады да, Өзбекстандағы Ферғана мұнай өңдеу зауытына жеткізіледі.  

Қазіргі кезде онда 5 станция кезекшісі мен 1 тауар кассирі, 1 жүк қабылдап-тапсырушы және станция бастығы – барлығы сегіз адам еңбек етеді. Станцияның бастығы Бақытжан Қарынтаевтың айтуынша, осы құраммен-ақ бас-аяғы 9-10 сағатта 40 цистернаға транзиттік мұнайды тиеп, құжатын кедендік рәсімдеуден өткізіп, жолға салып үлгереді. Ал жыл басынан бері станция ұжымы 161 242 тонна немесе 2 603 вагон цистернаға мұнай тиеп, жөнелткен.  

– 40 цистерна дегеніміз орта есеппен 2 400-2 700 тонна мұнай. Мұнай тиеуге тапсырыс беріп отырған компания алдағы уақытта ауысымдық әдіспен, вахталық режимде жұмыс жүргізетінін айтып, мұнай тиеу мен жөнелту жұмыстарын екі есеге көбейту көзделіп отырғанын жеткізіп отыр. Ондай жағдайда бізге дербес маневрлік тепловоз бен қосымша күш керек болуы мүмкін, сонда тәулігіне 80 цистернаны толтырып, аттандыруға шамамыз келеді, – дейді тірлікті тастай қып ұйымдастырып отырған станция бастығы Бақытжан Арапбайұлы.  

Иә, Шағыр шағын десек те, 2 класты деген дардай аты бар станция. Сондықтан онда дербес маневрлік тепловоздың болмауы кәдімгідей қолбайлау. Ал станцияда маневрлік жұмыс аз емес. Қайсы бір жылы Шағырға бекітілген маневрлік локомотив санатта болмағандықтан, штатта тұрған екі пойыз құрастырушы да қысқартылып, Арыс станциясына қосып жіберіпті. Соның салдарынан қазіргі кезде күн сайын алдын ала хат жазып, тапсырыс беру арқылы пойыз құрастырушыларды Арыс немесе Сарыағаш станциясынан сұрап, шақыруға мәжбүр. Ал жұмысшылар таңертең келіп, арнайы кесте бойынша түнгі онға дейін жұмыс істеп, кері қайтады.  

– Бұл мәселені біз басшылықтың алдында талайдан бері көтеріп келеміз. Осы жылдың жартыжылдықтағы қорытындысына қарап, мәселені шешуге тырысамыз деп уәде етілген. Соның оң шешімін тағатсыздана күтіп жүрміз, – дейді станция бастығы.  

Айта кетерлігі сол, оңтүстікте мұнай тиеуге арналып жабдықталған мұндай станциялар санаулы ғана. Тіпті, жоқтың қасы десе де болады. Оған қоса, осы күндері 25 мың тонна мұнай тиеуге тапсырыс беріп отырған компания алдағы уақытта мұнай тиеу мен жөнелту жұмыстарын екі есеге көбейту көзделіп отырғанын жеткізіп, арнайы хат жолдапты. Демек, жоба іске асқан жағдайда Шағыр станциясынан тиелетін мұнай көлемі тәулігіне 50 мың тоннаға дейін ұлғаяды деген сөз.  

Жалпы, бүгінгі таңда Шағыр ауылында 150-ден астам үй мен мыңға жуық тұрғын бар. Станция елді мекеннің ортасында орналасқандықтан, жүргілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте өзекті. Сондықтан да бұл мәселе ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Теміржолшылар мүдделі мекемелердің мамандарымен біріге отырып, ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті халықпен жиі кездесу ұйымдастырып тұрады. Оған қоса, ауылдың екі жағына қатынауды жеңілдету мақсатында арнайы рұқсат етілген өткел салынған. Тіпті сол өткелмен қауіпсіз өтуді ұйымдастыру үшін жылжымалы құрамдардың арасын ашып, өткелді бос ұстауға басымдық беріледі.  

– Мұның бәрі де жергілікті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар, – дейді станция бастығы.  

Станция ұжымы жұмыс күшінің аздығына қарамай, қауіпті аймақтағы қоршаулардың бүтіндігіне де бас-көз болып, бүгінде бір-екеуі әлгі қоршау-қораларды жөндеп-түзеуге жұмылдырылыпты. Бұл жолшылар атқаруы тиіс шаруа десек те, түрлі келеңсіздіктің алдын алу үшін станциялықтардың да назарындағы жұмыс көрінеді.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті