Шиелі станциясындағы көрсеткіш көз қуантады

Станция тынысы
09.09.2024, 12:39
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Шиелі станциясы – күрежолдың бойында орналасқан ірі тораптық станция. Әрі-бері тынымсыз зулаған өткінші жүк және жолаушы құрамдардан бөлек, өндірістік орындар шоғырланған аймақта жергілікті жүк те аз емес.

Жыл басынан бергі уақыт аралығында өндірістік жұмыс көрсеткіштерін 107 мен 297 пайыз аралығында орындаған станция ұжымы  394 пойыздың 16757 вагонын бөлшектеп, 14 757 вагондық 410 пойызды құрастырған. Көріп отырғанымыздай, жұмыс көрсеткіштерінің кейбірін шамамен үш есеге жуық асыра орындауға қол жеткізген.  Бөлімшенің оңтүстігіндегі тораптық станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжапбаров шілде айында станциядағы атқарылған өндірістік жұмыстар шегіне жетіп, жоспар 113-339 пайыз аралығында орындалғанын жеткізді.    

– Бөлімше мен компания басшылығы бекіткен тапсырмалардың жиынтығы біздің жұмыс көрсеткішіміздің өлшемі саналатындықтан оны орындаудан аянып қалған емеспіз. Нәтижеміз, міне осындай...  Әріптестерімнің барлығына басшылық атынан алғыс айтамын, – деді станция бастығының орынбасары.

Шілде айында 1903 жүк вагонын кірме жолдарға берген шиеліліктер ол жолдарда 1893 вагонға жүк тиер тиісті бағытқа жөнелткен. Станцияның пойыз құрастырушылары бір айдың ішінде пойыздардан 2100 вагонды ажыратып, 2094 вагонды пойызға жеккен. Осыншама ауқымды жұмыстың техникалық талапқа сай құжаттарын реттейтін теміржолшылар – тауар қабылдап жөнелтушілер, техконтор, тауар кассирлері, станция диспетчерлері мен кезекшілерінің кәсіби шеберлігі шиеліліктерді осындай нәтижеге жеткізіп отыр.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды