Ғасырлық тарихы бар депо

Станция тынысы
30.09.2024, 14:11
Оқуға 3 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Бір ғасыр бұрын құрылған Жамбыл локомотив депосының тарихы Арыс – Пішпек теміржолымен тамырлас. Деректерде «Әулиеата паровоз депосы 1924 жылы 7 қарашада ашылды» деп көрсетіледі.

Арыс – Пішпек теміржолының құрылысы 1914 жылдың 15 шілдесінде басталып, 1917 жылы Боранды бекетіне келіп тоқтап қалған. Осы құрылыста тұңғыш жоғары білімді теміржолшы-қазақ инженері Мұхамеджан Тынышпаев жұмыс істеген. Тек үш жылдан кейін теміржол құрылысы Жамбыл жеріне жеткен. 1924 жылы Ташкент – Арыс – Әулиеата – Луговая – Пішпек теміржолы қосылған соң паровоз депосы салыныпты.  

– 1924 жылдың шілде айында жол төсеу жұмыстары Әулиеатадан Қайыңдыға жеткен. Осы уақытта теміржол құрылысымен бірге Әулиеатадағы депоның да іргесі қалана бастаған екен. Сол жылы 8 тамызда жол Пішпекке жеткен. Жалпы ұзындығы 166,5 шақырымды құрайтын магистраль 7 айда салынып біткен. Ал 1 қыркүйекте Жетісу теміржолы ресми түрде пайдалануға берілді, – деп тарихтан сыр шертті Жамбыл бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауыржан Найманбаев.

Бастапқыда депода «О», «НП» сериялы паровоздар қолданылған. «Е», «СУ» сериялы паровоздар соғыстың алдында келе бастапты. Ал «СО», «ЛД» «ФД» паровоздары Жамбылға соғыстан кейінгі 1955-1960 жылдары келген.

Көп ұзамай түтіні будақтап, көмірмен жүретін паровоздар қолданыстан шығып, тепловоздар дәуірі басталады. 1958 жылы Жамбыл депосына «ТЭ-1», «ТЭ-3» сериялы тепловоздар келеді. Осыған байланысты локомотив бригадаларын да, жөндеу персоналын да тепловоздарды жүргізу және жөндеуге қайта даярлау қолға алынған.  

1969 жылы өндіріске 2ТЭ10Л сынды қуатты тепловоздар келе бастайды. Бұл – комсомол-жастар бригадаларының жұмысы қанат жая бастаған кез. Тіленші Аппаев бастаған комсомол-жастар бригадасының даңқы кең тарап, КСРО Қатынас жолдар министрлігінің түрлі марапатына ие болып, 1971 жылы 16 қаңтарда Т. Аппаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі.

Өткен ғасырдың 70-80 жылдары Жамбыл локомотив депосында пойыздардың артуына байланысты қолданыстағы паркі де өсе түскен.  Шамамен олардың саны – 3TE10M сериялы 120 тепловозды, 2TE10L және 2TE10V сериялы 15 тепловозды және TEM2 сериялы 35 тепловозды құраған. Теміржолдағы қозғалыстың, жүк және жолаушылар тасымалы көлемінің өсуіне орай тепловоздарды күрделі  жөндеу қызметін (ТО-8) енгізу қажеттігі туындайды. Дерекке сүйенсек, Жамбыл локомотив пайдалану депосында мұндай цех 1984 жылы салынып, электромашиналық, доңғалақ жұптарының бандаждарын ауыстыратын токарлық, дизельдерді жөндеу және құрастырушы бөлімдері іске қосылады.  

1989 жылы Арыс-Шу учаскесін электрлендіру басталады. 1991 жылы 29 желтоқсанда алғашқы электровоз Түлкібас – Бурный аралығында жүріп өтті. Сол жылы Жамбыл локомотив депосына алғашқы 6 электровоз келеді. 1991-1994 жылдары Түлкібас – Жамбыл – Луговая – Шу учаскесін электрлендіру толығымен аяқталып, электровоз тартымына толық көшірілді. 1993 жылы депода тепловоздарды жуу цехының базасында электровоздарды жөндеу цехы ТО-6 іске қосылды. Ал бір жылдан кейін Алматы теміржолы бастығының арнайы бұйрығымен ТО-8 тепловозды көтерме жөндеу цехы электровоздарды жөндеуге лайықталып қайта жабдықталады.  

1995 жылғы 1 сәуірде қайта жаңартудан өткен ТО-8 цехына алғаш рет  жөндеуге № 2403 ВЛ80С электровозы жеткізіледі. Депо мамандары Атбасар және Ақмола деполарында ТО-8 циклдары бойынша жөндеу технологиясын үйреніп, тәжірибе алмасып қайтты. 1999 жылы депоның 75 жылдығына орай электровоз цехын қайта құру толық аяқталды.  

– Өткен жүз жылда осындай тар жол, тайғақ кешуден, қайта құрылымдаудың сан түрінен өткен байырғы депо қазіргі таңда  электровоздық және тепловоздық тартым бойынша жұмыс істейді. Электровоздар Жамбыл – Шу, Жамбыл – Түлкібас, Жамбыл – Түрксіб бағыттарына, тепловоздар – Жамбыл – Қаратау – Жаңатас бағыттары бойынша, Бугун – Ақтаутас, Асса-Фосфор, Қаратау өнеркәсіп алаңындағы күрделі бейінді учаскелеріне қатынайды. Депода барлығы 750 адам еңбек етіп, аға буынның абыройлы ісін жалғастырып отыр, – дейді Жамбыл локомотив пайдалану депосы бастығының міндетін атқарушы Айдар Чокабаев.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды