Абайлаңыз, пойыз!

Станция тынысы
15.10.2024, 10:44
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке жүк станциясының бойы – қауіпті аймақ. Жүк пойыздары жиі өтетін бірінші класты станция айналасында адам аяғы басылмайды.

Жуырда жергілікті теміржолшылар мектеп оқушыларымен кезекті кездесу өткізіп, тағы да қауіпсіздік жайын сөз етті. Жіңішке станциясының жол шебері, инженері және желілік тәртіп сақшыларынан құралған топ қаладағы №36 мектепке барды. Білім ордасындағы кездесуде темір жол бойында болатын түрлі қайғылы жағдайлар баяндалды. Жолды қысқарту үшін белгіленбеген жерден кесіп өткендер, құлаққап шешпей жолда асықпай жүретіндер, ішімдік ішіп селфи жасаймын деп мерт болған адамдардың әрекеті туралы мысалдар айтылды. Сонымен қатар жолдағы ескерту белгілерін сындырып кететіндер әрекеті де қатаң сөз болды.

«Темір жол бойында қайғылы жағдайларға жол бермес үшін алдын алу, қадағалау шараларының барлық мүмкіндігін жасап жүрміз. Еңбек ұжымдары мен оқу орындарында кездесулер өтіп, түсіндіру жұмыстарын жиі жүргіземіз. Бірақ оны тыңдайтын да, тыңдамайтын да бар», – деді Жіңішке станциясының инженері Анар Мұқанова.  

Жіңішке жүк станциясынан негізінен кен өнімдері тиеледі. Тәулігіне төрт пойыз қабылдап, тағы төртеуін жөнелтіп отырған станцияда ауыр жүк вагондарының қозғалысы жиі. Станцияның екі жақ бетінде елдімекен орналасқан бұл тұста қауіпсіздік мәселесі әрдайым өзекті.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды