Шалқарлық байланысшылар үздік атанды (Фото)

Станция тынысы
31.10.2024, 10:39
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-на қарасты Шалқар сигнализация жəне байланыс дистанциясы ұлттық компанияның үздік ұжымының бірі атанды. Төрт жүзге жуық адам еңбек ететін мекеменің ғасырдан аса тарихы бар.    

Еске сала кетсек, 2016 жылы ұзындығы 500 шақырымды алатын Шалқар – Бейнеу теміржол торабы қолданысқа берілгені белгілі. Сол кезде 237 шақырымдық Шалқар-Тассай телімі Шалқар сигнализация жəне байланыс дистанциясы құрамына енді. Дистанция жұмысшылары Шалқар-Тассай телімінің құрылысына үлкен үлестерін қосты. Бүгінгі күнде оған 33 бөлек пункттермен құралатын жалпы ұзындығы 595, 684 шақырымды құрайтын теміржол торабы кіреді.  

Республика күні қарсаңында «Үздік сигнализация және байланыс дистанциясы» атағын иеленген мекеменің басшысы Нұрболат Төпеш жыл басынан бері дистанция ұжымы тарапынан біраз шаруаның басы қайырылғанын атап өтті. Мәселен, Шалқар сигнализациясы және байланыс дистанциясы еңбеккерлері биыл 9 айда кешенді жоспар бойынша 31 электр желісін, 44 электр қозғалтқышын ауыстырған, 33 станцияда дәнекерлеу және монтаждау сапасына сынама жүргізіліп, тексерілген. Қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария талаптарына сәйкес 33 станцияда электр тізбегі кабельдерінің өзектерін, электр қуатын толық тексеру жұмыстары орындалып, 48 кабель жөнделген. «Қарашоқат-Ақеспе», «Ақеспе-Шоқысу», «Ұлпан-Шалқар», Шалқар 2-жол аралығындағы жол жөндеу жұмыстары кезінде ол жердегі кабельдерді тереңдету және қауіпсіз қашықтыққа шығару жұмыстары жүргізілген. Мұғалжар станциясына стационарлық антенна орнатылған. Сонымен қатар Жем станциясында ЛАЗ бойынша «Өңірлік байланыс тораптарын жаңғыртуға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен» пайдалануға берілген. Шалқар-Тассай учаскесіндегі 8 станцияда бағдаршамдардың линзалық жиынтығын жарықдиодты модульдерге ауыстыру жұмыстары аяқталып, осы бөліктегі 12 бағдаршамда трансформаторлық қорапты бөлшектеу, ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Тас – Мұғалжар аралығы релелік шкафтарының сапа эталонына 6 сигналдық нүктеге келтіру жүргізілді. Желі бойындағы кабельдер жөнделіп, Аққайтым, Бегімбет, Шұқыр, Қайдауыл, Жем, Мұғалжар, Бершүгір, Қотыртас, Қарашоқат, Шоқысу разъездерінде найзағай бұрғыштары орнатылған. Бүгінде дистанция ұжымы заманауи құрылғыларға техникалық күтім жасайды. Қазір мұнда МПЦ Ebilock-950, МПЦ Диалог, МПЦ Неман, МП-АСДЦ, МП-АСДК, Р-80, Alstom, КТСМ-02, ДХ-500, МХ-1000, TETRA стандартындағы радиобайланысы, РЛСМ- 10-41 аппараттары бар.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды