Белкөл станциясының тынысы (Фото)

Станция тынысы
03.02.2025, 11:57
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Белкөл – облыс орталығының іргесіндегі өндірістік станция. Қызылорда ЖТ бөлімшесіндегі маңызды бекеттердің бірі. Өткен жылы өндірістік жұмыстардың жоспарлы көрсеткішін артығымен орындауға қол жеткізген белкөлдіктер пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қатаң сақтап, апатты жағдай тіркелмеген.

Станция бастығының орынбасары Ғабит Тлеубаев мәлімдегендей, өткен жылы өндірістік жұмыс көрсеткіштері 104 пен 123 пайыз аралығында орындалып, жолаушы және жүк тасымалы, пойыздарды уақытылы қабылдап-жөнелту, вагондарды тиеу мен түсіру секілді негізгі өндірістік бағыттар бойынша жоғары деңгейде жүргізілген. Жүк және коммерциялық жұмыстары бойынша жарамсыздық жағдайы тіркелмеген. Өндірістік жұмыс кезінде вагонның кешіктірілуі, транзитті вагондардағы қауіпті жүктің зақымданып, пойыз құрамынан ағытылу жағдайы да орын алмаған.

– Өткен жылы 550 вагонға 33 606 тонна жүк тиеліп, 10 035 вагоннан 602 100 тонна жүк түсірілді. 2023 жылдың межесінен әлдеқайда артық.  Жүк тасымалы, тиіп-түсіру, өндірістік процестерде вагонның зақымдануы мен кешіктірілуіне жол берілмей, қауіпсіздік көрсеткіштері жоғары деңгейде орындалды. Бұл жетістіктер станция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жауапкершілігінің нәтижесі болып табылады. Мәселен, парк кезекшілері Мақсат Сеитов, Әлібек Тәжібаев пен Жасұлан Аптықалықов, пойыз құрастырушылар Қанат Нұрымбетов пен Сағындық Айтмырзаев, тасымал құжаттарын өңдеу операторлары Алтынай Бектауова мен Бауыржан Бедеров, аға тауар кассирі Жанар Сахиева өндірістік жұмыстардың сапалы орындалуына басымдық беріп, өз үлестерін қосып жүрген тәжірибелі теміржолшылар, – дейді әріптестерінің мерейін үстем етуге асыққан станция бастығының орынбасары.  

Бүгінде қатал қыс маусымында еңбек етіп жатқан станция теміржолшылары маусымдық киімдермен түгел қамтылған, әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде кедергілер жоқ.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды