Тереңөзек станциясында жүк айналымы қарқынды

Станция тынысы
25.02.2025, 08:56
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің құрамындағы Тереңөзек станциясы – өңір теміржолының дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан 3-класты маңызды бекеттердің бірі.

Станциялықтар компания мен бөлімше басшылығы бекіткен өндірістік тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай отырып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп отыр.  

Станция бастығы Мұрат Маликовтың айтуынша, ұжымдағы әр теміржолшы өз ісінің маманы. Тапсырылған міндеттемелер теміржолшыға тән тәртіппен, мұқият әрі кәсіби деңгейде атқарылуда. Станция басшысы әріптестері арасында станция кезекшісі Нұрлан Кеңесбаев, аға жүк қабылдап-тапсырушы Айнұр Әбілханқызы, тауар кассирі Роза Көшербаева және пойыз құрастырушы Мұрат Бахтиярды ерекше атап өтуді сұрады. Айтуынша, олар жылдар бойы жинаған тәжірибесінің арқасында өздеріне жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарып, әріптестеріне үлгі көрсетуде.  

– Станциядағы басқа теміржол мекемелерімен де қоян-қолтық жұмыс істеп, жауапкершілігіміз ортақ болғандықтан кәсіби деңгейдегі ынтымақтыстығымыз мығым, абыройымыз ортақ. Мәселен, СОБ электромеханигі Ерболат Бодықов пен ЭЧ электромеханигі Алмат Жүсіпбековпен жұмыс барысында күнделікті қарым-қатынастамыз, өз ұжымымыздың бір мүшесіндей болып кеткен, – дейді ол.  

Станция бастығының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы Тереңөзек станциясы 469 вагоннан жүк түсірген. Оның ішінде 100 жабық вагон, 90 ашық вагон, 275 цистерна болған. Тек желтоқсан айында 28 вагон жүк түсірілген. Қаңтар айында да жүк айналымының қарқыны жаман болған жоқ. Қысқасы, ұйымшыл ұжымның кәсіби біліктілігі жоғары мамандарының жұмысы нәтижелі еңбекпен қорытындылануда.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды