Әйтеке би станциясы жартыжылдықты табысты аяқтады

Станция тынысы
18.07.2025, 08:44
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Әйтеке би – тәуелсіз Қазақстанда пайда болған станция. Хромтау-Алтынсарин теміржолы бойындағы станция бүгінде шаруасын түзеп алған. Алғашқы жартыжылдықты табысты аяқтаған әйтекеліктер алты айда 355 вагон жүк түсіріп, 850 вагон жүк жөнелткен.

Станция бастығы Жандос Әбдіжәлеловтің айтуынша, жүк тасымалында биыл оң көрсеткішке қол жеткізген. Әсіресе жүк тиеу жұмыстарында ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бар. Дәнді дақылдарды жөнелту көрсеткіші де артқан. Астықты аймақ саналатын өңірде астық тиеу жұмыстары қысы-жазы үзілмейді. Диқандар алған өнімін кептіріп, жылдың барлық мезгілінде тасымал қызметіне жүгінеді.  

«Биыл 6 айда 850 вагонға жүк тиеу жүзеге асырылды. Оның 507 вагоны – дәнді-дақыл өнімдері. Олар негізінен Өзбекстан, Тәжікстан. Ауғанстан, Әзербайжан елдеріне жөнелтілді. Астық тиеу, вагонмен уақытында қамтамасыз ету жұмыстарында кедергі жоқ», – деді Жандос Әбдіжәлелов.  

Айтуынша, бұған дейінгі жылдары 9 айда ғана 500-дей вагон дәнді дақыл тиелетін болған. Бұдан бөлек 6 айда 343 вагон ақ каолин сазы Қырғызстанға және Қазақстанның Шымкент, Талдықорған, Сайрам қалаларына жөнелтілген.  

Жүк түсіру көрсеткіші де жоғары. Әсіресе құрылыс жұмыстарына қажетті материалдар артқан. Станцияда 6 айда 355 вагон жүк түсірілген. Оның 21 вагоны көмір, 25 вагон ракушняк, 5 вагон цемент, 27 вагон бидай, 277 вагон қиыршық тас түсірілген.  

Станциядағы бес жолдың екеуі жолаушы пойыздарын қабылдауға арналса, қалған үшеуі жүк тасымалы қызметін ұйымдастыруға бағытталған. 4 жолаушы, 2 қаламаңы пойызы тоқтайтын Әйтеке би вокзалына халық айналадағы елдімекендерден көп келеді. Теміржол қатынасы жоқ Ырғыз, Қарабұтақ ауылдарынан келетін жолаушы көп. Дені Қостанай, Астана, Алматы бағыттарына осы жерден аттанады.  

Станцияның қайнаған өмірін ерсілі-қарсылы зулаған жылжымалы құрамдар толықтырып тұр. 20 жылдық тарихында тек республика ішінде ғана емес, халықаралық байланысқа да негіз болған күрежолдың бойында жатқан станцияның маңызы уақыт өткен сайын артып келеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды