Рельс үстіндегі өмір: Манкент станциясының қаһармандары

Станция тынысы
23.10.2025, 11:48
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкенттің іргесіндегі Манкент станциясы – тәулік бойы тыным таппайтын өндірістік ырғақтың үлгісі секілді. Шағын станция саналғанымен, облыс орталығына кіретін қақпа болғандықтан шаруасы шаш етектен.

Пойыз құрастырушылар мен маневрлік локомотив тынымсыз жұмыс істейді, бір сәт аялдап, тынығуы мүмкін емес. Себебі станцияға бір ғана тепловоз басыбайлы бекітілген. Сондықтан тапсырманы тиянақты орындауды мақсат еткен машинистер тепловозға тыным бермей, станция кезекшісі мен пойыз құрастырушылар тәулік бойы еңбек етеді.

Манкент станциясында ауысыммен еңбек ететін 5 пойыз құрастырушы мен 3 машинист бірінің жұмысын бірі іліп әкетіп, станцияға келген жылжымалы құрамнан вагондарды ағытып, жүктерді тиісті мекемелерге уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді.

Теміржол қозғалысын үйлестіріп отыратын басқару пультінде 5 станция кезекшісі кезекпен жұмыс істейді. Олар вагон қозғалысын реттеп, жан-жаққа бағыттап, әрбір құрамның қауіпсіз қозғалысын жіті  қадағалайды. Машинистік құрам да дәл осы жүйемен – 12 сағаттық ауысыммен жұмыс істейді.   Манкент станциясы арқылы өткен айда 180 жүк пойызы жөнетіліп, 1834 вагон тұйық жолдарға жеткізіліп, түсірілген. Сонда тәулігіне орта есеппен 6 вагон жүк жөнелтіледі деген сөз. Оның ішінде негізгі экспорттық тауар ұн екен. Бұл өнім жергілікті «Асыл LTD» компаниясының диірменінен тиеліп, теміржол арқылы Өзбекстан, Тәжікстан мен Ауғанстанға бағыт алады.

Аймақта кең көлемде өсірілетін мақсары да экспорттық әлеуеті жоғары өнім саналады. Сайрам ауданының диқандары бұл өсімдікті көптеп егіп, күзде мол өнім жинап, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қытайға экспорттайды.

Ал станцияға түсірілетін вагондар ішінде ең көбі цистерналар көрінеді. Яғни бұл жерге мұнай мен газ өнімдері көптеп жеткізіледі деген сөз. Себебі Шымкент қаласына жақын орналасқан станция маңында ірі газ және жанар-жағармай қабылдайтын кәсіпорындар бар.

– Бұдан бөлек, бізге мал азығы да жиі келеді. Бұл станцияға Қарабұлақ мал базарының орналасуымен байланысты. Солтүстік өңірлерден жем-шөп түрлері вагонмен тасымалданып, жергілікті тұрғындардың сұранысын қамтып отыр, – дейді станция бастығы Қуаныш Табеев.

Демек, үшінші мегаполистің іргесіндегі Манкент станциясының жұмысы бір сәтке де тоқтауы мүмкін емес, оның соңы үлкен салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан да шағын ғана ұжымы бар маңызды торап жұмысы  тоқтаусыз жалғасуда. Ұжымдық ұйымшылдық пен техникалық әлеуеттің үйлесімі – станция жұмысының негізгі қозғаушы күші.

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді