Қызылсай станциясы – даму мен жаңғыру жолында

Станция тынысы
03.11.2025, 14:19
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Оңтүстік өңірдің маңызды көлік торабы саналатын Қызылсай станциясы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Мұндағы еңбек ұжымы теміржол қозғалысын тиімді ұйымдастырып, тасымал көлемін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.  

Станция бастығы Баянды Раманқұлов бұл саладағы еңбек жолын ширек ғасыр бұрын дәл осы Қызылсайда пойыз құрастырушы болып бастаған. Кейін пойыз қабылдап-тапсырушы, станция кезекшісі қызметтерін атқарып, мол тәжірибе жинаған. 2011 жылы станция екінші класты дәрежеге ие болғаннан кейін басшылық жауапкершілігі де артқан.

– Біз станцияның қызмет сапасын арттыру мақсатында бірқатар ұсыныстар әзірледік. Атап айтқанда, қосымша пойыз құрастырушы штатын ашу және станция паркінде тағы бір жолды іске қосу. Бұл бастама жұмыс қарқынын жеңілдетіп, тиімділікті арттырады, – дейді Баянды Раманқұлов.

Бүгінде 1-класты станция санатына енген Қызылсайда 41 адам қызмет етеді. Жалпы, теміржол саласында кластық көрсеткіш 1 мен 5 аралығында және кластан тыс дәрежелерге бөлінетінін ескерсек, Қызылсайдың қазіргі мәртебесі оның әлеуетін айқын көрсетеді. Станция аумағындағы 44 кіреберіс жолда күн сайын шамамен 70 вагон жүк тиеліп, 150-170 вагон босатылады. Осы қозғалысты реттеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қызылсайлық теміржолшылардың үлесі зор.

Дегенмен, іргелес орналасқан Қазығұрт станциясының жүк өңдеу және жөнелту мүмкіндігі жоғары болғандықтан, жылжымалы құрамдардың едәуір бөлігі сол бағытқа өтеді. Бұл процесс Қызылсайдың бас жолы мен 4 және 6 жолдары арқылы жүзеге асады. Сондықтан қызылсайлық теміржолшылар бұл бағыттарды жиі босатып отыруға мәжбүр.

– Егер бас жолдың солтүстік мойындығына екі бағыттағыш бұрма орнатылса, станция паркінің өткізу қабілеті артып, вагон өңдеу өнімділігі жоғарылайды. Бұрын мұндай құрылғылар болған, бірақ тоқырау жылдары қолданыстан шығып қалған. Қазір тасымал көлемі өсіп отыр, сондықтан инфрақұрылымды жаңарту – уақыт талабы, – дейді станция бастығы.

Баянды Раманқұловтың бастамасын «Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының бастығы Нұрдәулет Тасбалтаұлы да қолдап отыр.

– Станция паркіндегі жолдар мен өткізу тетіктерін жан-жақты зерделей отырып, тиімді пайдалану амалдары көптен бері қарастырылып келеді. Жоғары басшылықпен кеңесе келе оң шешім қабылданды. Жоспардың орындалуы жеке бақылауымда. Қызылсай станциясы алдағы уақытта бұдан да табысты жұмыс істейтініне сенімдімін, – дейді ол.

Қызылсай станциясы өндіріс ошақтары мен тұрғын аймақтың түйіскен тұсында орналасқандықтан қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қаладан Сайрам бағытына шығатын Жібек жолы даңғылының бойында кәсіпорындар тізбегі созылып жатыр. Ал теміржол паркінің арғы жағында 5 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекен орналасқан. Тұрғындардың бір бөлігі станция аумағындағы қызметтік өткел арқылы өтеді. Бұл – қарапайым адамдар үшін қауіпті аймақ. Осыған байланысты жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салу туралы ұсыныс тиісті мекемелерге жолданып, жоспарға енгізілді. Ал қауіпсіздік мақсатында әзірге жерасты өткелі іске қосылып, жарық шамдар орнатылды. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігіне бағытталған игі бастамалардың біріне айналды.

 

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді