Қытай елдегі жолаушылар мен жүк тасымалының тиімділігін арттыру үшін теміржолды пайдаланудың жаңа жоспарын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz қытайлық China State Railway Group Co., Ltd сайтына сілтеме жасап.
Қытай теміржол операторының мәліметінше, дүйсенбіден бастап Қытай 63 жолаушы пойызын іске қосты, осылайша олардың жалпы саны 6,046-ға жетті.
Қазіргі таңда ел ішінде 10 894 жүк пойызы жұмыс істеп тұр, олардың саны да өткен жылға қарағанда 50-ге артқан.
Пойыздардың жүру легін реттеген соң жүк теміржолдарының өткізу қабілеті одан әрі жақсармақ, бұл Қытайдың негізгі көмір өндіруші аймақтарының сұранысын қанағаттандырып, көмір тасымалын арттыруға септеседі, дейді теміржол операторы.