Ыстанбұлда жоғары жылдамдықты метро желісі іске қосылды

Әлемде
23.01.2023, 09:41
Оқуға 1 мин

Кягытхане-Ыстанбұл әуежайындағы метро желісі жобасымен Түркия бүкіл әлемге метро құрылысы саласындағы өзінің күші мен мүмкіндіктерін дәлелдеді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 34 шақырымдық метро желісінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркия президенті сегіз станцияны қамтитын жаңа метро желісінің Қягытхане ауданынан Ыстанбұл әуежайына дейінгі қашықтықты 24 минутта өтетінін атап өтті.

«Тәулігіне 800 мың жолаушыны тасымалдайтын жаңа метро желісінің ашылуы Ыстамбұл үшін тарихи оқиға», - деді Ердоған.

Түркия басшысы құрылыс барысында отандық материалдарды пайдаланған түрік инженерлерінің еңбегін ерекше атап өтті.

Ел президенті сондай-ақ, Ыстанбұл әуежайынан Халкалы аймағына дейінгі метро желілерінің, сондай-ақ мегаполисте бірнеше басқа метро желілерінің құрылысы жалғасып жатқанын еске салды, деп жазды Анадолы агенттігі.

«Осы жобалардың барлығын жүзеге асыру аяқталғанда Ыстанбұл теміржол жүйелерінің жалпы ұзындығы 380 шақырымнан асады», - деді Ердоған.

Ыстанбұл теміржол құрылысы жобаларын жүзеге асыру бойынша әлем қалалары ішінде бірінші орында. Қягытхане-Ыстамбұл әуежайы метро желісінде саяхат бір ай бойы тегін.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды