Германия пойызда маска тағу режимін алып тастады

Әлемде
02.02.2023, 18:59
Оқуға 2 мин

Германияда 2 ақпан бейсенбіден бастап бүкіл ел аумағында қалалық қоғамдық көлік пен пойыздарда маска тағып жүру керек деген талап алынып тасталады, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Үш жылға созылған коронавирус пандемиясынан кейін алыс қашықтыққа қатынайтын пойыздарда маска тағу міндетті болған. Сондай-ақ 9 федералды жерде өңірлік қоғамдық көлікте маскамен жүру талабы жойылды.

Көлік кәсіпорындары соңғы кездері бұл талап қазіргі жағдайда өзекті емес екенін айтып, оны алып тастауды сұрап жүрген. Олар ұшақта немесе концерт залында маскасыз отыруға болады да, ал сонда бара жатқанда автобуста не трамвайда неге маска тағуға міндетті екенін жолаушыларға түсіндіру қиынға соғатынын алға тартады.

Deutsche Bahn теміржол концерні де ГФР үкіметінен алыс жолға баратын пойыздарда маска тағу режимін алып тастауды сұраған. Нәтижесінде үкімет маска тағу режимін 2 ақпаннан алып тастау туралы қаулы шығарды.

Бұған дейін оны сәуірде алып тастайды деп жоспарланған еді. ГФР денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах (Karl Lauterbach) өз еркімен маска таға беруді ұсынды.

Маска тағу режимі 2020 жылдың басында пандемия кезінде біртіндеп енгізілген болатын. Тұрғындардың бір бөлігі маскасыз адамдардың қасында отырғысы келмейтіндер үшін пойыздарда арнайы орын белгілеуді талап етуде. Алайда Deutsche Bahn өкілі бұндай болмайтынын айтты.

Аурухана, мүгедектер мен қарттар үйіне, дәрігерлер практикасы мекемелеріне баратындар үшін маска тағу 7 сәуірге дейін әлі де міндетті болады.

Сонымен қатар клиникалар мен қарттар үйіне кіру үшін коронавирусқа тест тапсырып, теріс нәтижесін көрсету керек.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды