Ирландия темір жолында сутегімен жүретін локомотив сынақтан өткізілмек

Әлемде
20.09.2023, 11:29
Оқуға 1 мин
Сурет: IÉ
Қазақстан теміржолшысы

Ирландия темір жолдары 071 сериялы дизельдік жүк локомотивін дизельдік отыннан сутегіге ауыстыру үшін латвиялық DiGas компаниясымен келісімшарт жасасты. Аталған жобаның құны 1,5 млн еуроға бағаланып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келісімшартқа сәйкес, Ирландия темір жолы тепловозды, сондай-ақ жабдықты орнату мен локомотивті сынау және оны сертификаттау үшін өндірістік нысанды пайдалануға береді.

Ал, DiGas компаниясы өз кезегінде локомотив қозғалтқышын дизельдік отынның орнына сутегін пайдалануға мүмкіндік беретін жабдық кешенін жасайды, оған қоса оны жеткізіп, орнатып береді.

Бұл жобаның өзгелерден айырмашылығы, мұнда қолданыстағы локомотив қозғалтқышына отын жасау үшін сутекті пайдаланады. Маневрлік тепловоздың дизельді қозғалтқышын сутегімен жүретіндей етіп түрлендіру бойынша ұқсас жобаны Alstom компаниясы 2022 жылы іске асырған еді.

Қазір екі тарап локомотивті сынақтан өткізуге дайындап жатыр, ол 2024-2025 жылдар аралығында іске аспақ.

Айта кетсек, Ирландияда 071 сериясындағы 18 тепловоз бар, оның 12-сі жүк тасымалдаушы пойыз. Егер сынақ сәтті өтсе бұл локомотивтер де сутегімен жүретіндей етіп жаңғыртылмақ.

 

Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті