Мәскеудегі "Печатники" метро станциясында төтенше жағдай — екі пойыз соқтығысты. Жолаушылар арасында зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Rail-news.kz inbusiness.kz агенттігіне сілтеме жасап.
"Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, үш адам зардап шекті: пойыз жүргізушісі және екі жолаушы", — деді Мәскеу Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, "Печатники" станциясында платформада тұрған құрамға жолаушыларсыз пойыз соқтығысқан, жолаушылар арасында қатты зардап шеккендер жоқ.