2023 жылдың 16-20 қазанында Самарқанд қаласында өткен БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық 25-ші сессиясы аясында «Өзбекстан темір жолдары» мен итальяндық ARSENALE компаниясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

Сондай-ақ люкс санатындағы туристік пойызды іске қосу жобасы жасалды. Luxury Train Cruising пойызы 2026 жылдың аяғында Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа арасында жүре бастайды.

Тараптар осы пойызға арналған 13 ARSENALE вагондарын Италияда 1435 мм калибрліден 1520 мм калибрліге ауыстыру арқылы жаңғыртуға келісті. Пойыз 66 қонаққа арналған 38 купеден тұрады және ол Жібек жолындағы тарихи қалаларға жайлы экскурсия жасауға мүмкіндік береді.