Ауқымды жобаның құны бақылаудан шығып кетті. Елдің премьер-министрі үнемделген қаражатты өзге жүздеген транспорттық жобаға бағыттауға уәде бер, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунак үкімет HS2 жоғары жылдамдықтың теміржол жобасынан бас тартқанын мәлімдеді. Өйткені ірі инфрақұрылымның құрылыс құны бақылаудан шығып кеткен. Аталған теміржол желісі елдің солтүстігін Лондонмен байланыстыруы керек болған.  

Ел үкіметі оның орнына үнемделген 36 миллиард стерлинг фунтты жүздеген транспорттық жобаларға бағыттамақ.

Риши Сунак билеуші консерваторлар партиясының құрылтайында бағдарламасын таныстырып, өзін өзгерістердің көшбасшысы ретінде таныстырды және 2024 жылғы сайлауға кандидатурасын жариялады.