БАӘ-ден Мумбайға дейін су асты пойызы жүруі мүмкін

Әлемде
21.12.2023, 15:40
Қазақстан теміржолшысы

Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық консультативтік бюросы Үндістанға теңіз асты теміржолын салу жобасын қарастыра бастады. Су асты пойызы Үндістанның қаржы астанасы саналатын Мумбай мен портты қала Фуджейра арасында жүреді деп болжануда.

Жоба алғаш рет 2018 жылы талқылана бастады. Су астындағы пойыз сағатына 1000 км жылдамдықпен жүйітки алады деп күтілуде, сондықтан жол жүру уақыты шамамен екі сағатты құрайды, өйткені су астындағы темір жолдың ұзындығы 2 мың шақырымға созылмақ.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, жоба Үндістанмен екіжақты сауда мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі: Фуджейра Үндістанға мұнай экспорттайтын болады, сонымен қатар Нармада өзенінен БАӘ-ге тұщы суды жеткізеді. Бұған тартылатын инвестиция бірнеше миллион доллар болады деп күтілуде.  

Әзірге пойыздардың жолаушылар пойызы болатыны немесе тек жүк тасымалдауға арналатыны туралы еш ақпарат жоқ, дегенмен қандай жағдай болмасын жолаушылар үшін Үнді мұхитының су астындағы өмірін бақылай алатындай туннельді мөлдір ету идеясы бар.

Бұған дейін 2023 жылдың соңына қарай Біріккен Араб Әмірліктерінен Үндістан мен Керала штатына теңіз жолаушылар тасымалы ашылатыны айтылған. Осылайша үндістандық экспаттар әуе билеті үшін артық төлем жасамай, үйлеріне ыңғайлы және үнемді жолмен баруға мүмкіндік алады.

Үндістанның Шарджа қауымдастығы атап өткендей, кеме билеті шамамен 442 дирхам тұрады, ал жол жүру уақыты үш күнді құрайды. Жаңа рейс 2023 жылдың желтоқсан айында мектеп демалысы басталғанға дейін іске қосылады деп жоспарлануда.

Тағы бір айта кетерлігі, БАӘ теміржол операторы Etihad Rail Абу-Даби-Аль-Дханна желісінде жолаушылар пойызын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл бағыттың ұзақтығы 250 шақырымды құрайды. Қазір бұл желімен тек жүк пойыздары жүріп жатыр.  

Әзірше бұл теміржолмен Абу-Даби Ұлттық мұнай компаниясы ADNOC қызметкерлері ғана жүретін болады. Қазір жолаушылар пойызының дәл қай күні жолға шығатыны және көпшілік онымен қашан қатынай бастайтыны туралы ақпарат жоқ.  

Etihad Rail болжамы бойынша, 2030 жылға қарай елдің 11 ірі қаласын байланыстыратын темір жолдардағы жылдық жолаушылар тасымалы 36,5 миллион адамды құрамақ.

Осы жылдың маусым айында 200 км/сағ жылдамдыққа есептелген локомотивке тіркелетін маршруттық пойыздарды жеткізу және қызмет көрсету бойынша испандық CAF компаниясымен құны 250 миллион еуродан асатын келісімшартқа қол қойылған.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады