Германия монорельсті жолаушылар кабиналарын әзірлеп жатыр

Әлемде
22.05.2024, 12:03
Оқуға 2 мин
Фото: Monocab
Қазақстан теміржолшысы

Германияның үш университеті пайдаланылмай, қараусыз қалған теміржол желілерімен жүретін жолаушыларға арналған Monocab автономды жобасын әзірлеп жатыр. Аталған жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен іске асуда.

Кіріктірілген гироскоптардың арқасында қайта зарядталатын батареялармен жұмыс істейтін шағын өлшемді төрт немесе алты орындық кабина бір рельсте қозғала алады, бұл бір жолда екі жақты қозғалысты қамтамасыз етеді. Вагонның ішінде тек отырғыш қана бар.  

Маршруттың соңғы станцияларында арнайы құрылғылар кабиналарды қарама-қарсы бағытта қозғалу үшін көрші рельске ауыстырады. Заманауи технологиялар гироскоптары мен электроникасы бар ықшам электр машиналарын жасауға мүмкіндік береді, олар берілген маршруттар бойынша автоматты түрде қозғалады.

Монокаб шағын қалалар мен елдімекендерде электр пойыздарын алмастыру ретінде пайдаланылмақ. Бұл тіркемелердің көмегімен мұндай елдімекендердің тұрғындарының қалаға жетуі оңай әрі жылдам болады деп күтілуде. Монокабтар сонымен қатар электр пойыздарына қарағанда жиі жүре алады, кондукторлар мен машинистерді қажет етпейді және техникалық қызмет көрсету әлдеқайда арзан.

Еуропалық Одақ қоры аталған жобаны 2022 жылы қаржыландыруды бастаған болатын. Бүгінде автокөліктердің алғашқы нұсқалары жасалды, олар әлі күнге дейін өзін-өзі теңестіру жүйесі жоқ екінші рельстің қолдауымен қозғалады. Қазіргі уақытта Monocab-тың алғашқы нұсқаларын сынақтан өткізу жүргізілуде, ал алғашқы маршруттарды іске қосу 2028 жылға жоспарланып отыр.

Германияда елдің аз қоныстанған аудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қазбалы отынды пайдаланудан жүйелі түрде бас тарту тасымал саласына серпін беріп, дамуға түрткі болып отыр. Теміржолмен жүретін бұл шағын кабинкалар жеке көліктерге балама бола алады және жайлылығы жоғары болмақ.

Монорельсті көлік идеясын 20 ғасырдың басында инженер Л.Бреннан алғаш ұсынған. 1909 жылы 32 адам сиятын кабина жобасы көрсетілді. Онда 20 аттың күші бар және іштен жанатын қозғалтқышқа ие. Бұл электр берілісімен кабинаны 35 км/сағ жылдамдықпен жүруін қамтамасыз етеді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды