Үндістанда жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысты. Кемінде 15 адам қаза тауып, тағы 60 адам жарақат алды. Бұл туралы The Hindu хабарлады.

Оқиға Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатындағы Силигури қаласына жақын жерде болғаны  айтылды.

 Апат болған жерде дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар саны әлі де өсуі мүмкін.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

 Ол сондай-ақ шенеуніктермен жағдайды талқылағанын және теміржол министрі Ашвини Вайшнавтың қақтығыс болған жерге жеткенін атап өтті.