Иран Каспий теңізі жағасындағы Каспиан портын теміржол желісімен қосты

Әлемде
28.06.2024, 14:08
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

Иранда салтанатты жағдайда Иран темір жолының Рашт стансасын Каспий теңізінің жағалауындағы Анзали еркін экономикалық аймағында орналасқан Каспиан портымен байланыстыратын ұзындығы 37 шақырымдық желіні пайдалануға беру рәсімі өтті.  

Салтанатты шараға Иран президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер бастаған ресми тұлғалар, сондай-ақ Каспий аймағы елдерінің өкілдері қатысты.

Бұл желі «Солтүстік-Оңтүстік» ХТС транскаспийлік тармағының соңғы буыны болып табылады және Каспий теңізі мен Парсы шығанағы порттары арасындағы тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұл Иран мен Каспий аймағы елдері арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға көмектеседі.

Бұл желі бойында Хаммаме аралық станциясы, 18 үлкен және 243 шағын көпір салынған. Бүкіл теміржол бойына талшықты-оптикалық кабель төселген. Жол инфрақұрылымы жолаушылар пойыздарының 120 км/сағ жылдамдықпен, жүк пойыздарының 80 км/сағ жылдамдықпен жүруіне арналған. Алғашқы жылы желі 3 миллион тонна жүк пен 300 мың жолаушы тасымалдаса, келешекте оның өткізу қабілеті жылына 7 миллион тонна жүк пен 600 мың жолаушыға жетеді деп жоспарлануда. Жобаның құны шамамен 30 триллион ирандық риалды құрады (715 миллион АҚШ доллары).

Айта кету керек, соңғы кезде Иран мен Қазақстан арасындағы логистикалық байланыстар жоғары қарқынмен дамып келеді. 2023 жылы Иран мен Қазақстанның темір жол компаниялары Иран арқылы тауар транзитін айтарлықтай арттыру мақсатында екі ел арасында тарифтік преференция белгілеп, темір жол әріптестігін арттыру туралы меморандумға қол қойған болатын.

Бұл меморандум аясында Қытай-Ресей-Еуропа темір жол дәлізі арқылы өтетін тауардың бір бөлігі Қытай-Қазақстан-Иран-Еуропа дәлізімен тасымалданады.  Сондай-ақ тараптар Қытай-Қазақстан-Иран-Түркия дәлізі арқылы өтетін алғашқы контейнерлік пойызды бір айдан аз уақыт ішінде Иранға кіргізуге келіскен болатын.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды