Түркия жоғары жылдамдықты электр пойыздарын жасамақ

Әлемде
12.09.2024, 10:42
Оқуға 1 мин
Фото: zdmira.com

TÜRASAŞ мемлекеттік компаниясы 225 км/сағ жылдамдықпен жүруге арналған пойыздың жобасын 2024 жылдың соңында аяқтап, келесі жылдың басында отандық компоненттерді пайдалана отырып құрастыруды және 2025 жылдың соңында динамикалық тестілеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл бастама жолаушы және жүк көлігінің ұлттық операторы TCDD Taşımacılık және TÜBİTAK Ұлттық ғылыми-технологиялық зерттеулер кеңесі құрған Темір жол көлігі технологиясы институтының (RUTE) қатысуымен жүзеге асырылуда.

Сегіз вагондық жүрдек пойыз TSI талаптарға сай болуы керек, яғни мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қолжетімді әрі дыбыстық деңгейі төмен болуы шарт. Пойызда 584 жолаушыға арналған орын болады, оның ішінде екі мүгедектер арбасында отыратын орындықтарда жиналмалы үстелдер мен мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған тоқ көзі болады. Вагондардың бірінде шағын дәмхана аймағы болады.

Түркия жүрдек пойыздар алу бойынша өз қажеттіліктерін қанағаттандыруды жоспарлап отыр. 2024 жылдың наурыз айында TÜRASAŞ және ұлттық жолаушылар және жүк операторы TCDD Taşımacılık 95 жаңа буын E5000 электровоздарын жеткізуге келісім-шартқа отырған. Сол компания салған алғашқы отандық электр пойызы 2023 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.

 

Дильназ Айдарбекова

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды