Египетте екі жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан 20 адам зардап шекті. Оқиға ел астанасы Каирден оңтүстікке қарай 270 шақырым жерде орналасқан Минья провинциясында болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Жергілікті биліктің мәліметіне қарағанда, мұндай жағдай осы айда екінші рет қайталанып отыр. Сондай-ақ, өткен айда жол апаты орын алып, 3 адам көз жұмған.  

Бұған қатысты ел Үкіметі теміржолдарды жақсарту бағдарламасын жариялады. Тозығы жеткен рельстерді жөндеуге қажетті сома шамамен 8 миллиард 130 миллион АҚШ доллары деп көрсетілген.