Сербияның Нови-Сад вокзалындағы қайғылы оқиғадан 14 адам қаза тапты

Әлемде
04.11.2024, 09:20
Оқуға 1 мин
Фото: Сербия сегодня

Сербияның халқы көп екінші қаласы Нови-Садтың теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Трагедия 1 қараша күні күндіз орын алды. 2 қараша ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

«Оқыс оқиғадан 14 адам қайтыс болды,  бұл соңғы сан деп үміттенеміз. Олардың ішінде біз бес адамды анықтай алмадық», - деді ел президенті Александр Вучич.

Бетонннан жасалған шатыр жергілікті уақыт бойынша түске таман вокзал сыртындағы орындықтарда отырған адамдардың үстіне құлаған.

Вокзал ғимараты 2021 жылы қайта жөндеуден өтіпті, сондай-ақ биыл 5 шілдеде ресми ашылуы үшін тағы да жөндеу көрген.

Аталған қайғылы оқиғаға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты.

«Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін»,– деп жазылған жеделхатта.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды