Қырғызстанның 2030 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасында Баткен мен Қоқанды байланыстыратын теміржол желісін салу көзделген. Бұл жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, сауда байланыстарын кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Құрылысқа қатысты толық мәліметтер әлі жарияланған жоқ. Дегенмен, бұл бастама көлік дәліздерін дамытуға арналған ауқымды стратегияның бір бөлігі болып табылады.
Бағдарламада сондай-ақ Чатқал – Ташкент балама автожолын салу және Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржол жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар елдің транзиттік мүмкіндіктерін арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.