Қырғызстан билігі Ыстықкөлді айналып өтетін теміржол құрылысын техникалық-экономикалық негіздеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы «Қырғыз темір жолы» мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Дастан Усубакунов НТРК эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Усубакуновтың айтуынша, жаңа маршрут көлдің солтүстік және оңтүстік жағалауын қамтиды. Солтүстікте жол Балықшы, Тамчы және Шолпан-Ата арқылы өтсе, оңтүстікте Бөкөнбаевадан Қаракөлге дейін созылады. Бұл жол шипажай аймақтарын байланыстырып, өңірдегі көлік қатынасын едәуір жақсартуы тиіс.
«Жобаны 5–6 жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр», – деп атап өтті «Қырғыз темір жолы» басшысының орынбасары.