Қытайда туристік қонақүй-пойыз жолға шықпақ

Әлемде
07.04.2025, 17:47
Фото: China Daily
Қазақстан теміржолшысы

Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласында Хуанхэ өзеніне арналған туристік қонақүй-пойыз таныстырылды. Бұл пойызды CRRC Sifang және Қытай теміржолдары құрамына кіретін China Railway Zhengzhou Group компаниялары жасап шығарған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылдың сәуір айының ортасынан бастап ол Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан Хэнань провинциясындағы Хуанхэ өзенінің аңғарында Лоян, Аньян және Саньмэнься қалалары арасында қатынайтын болады. Бағыт бойында көркем табиғат көріністері мен көптеген туристік орындар бар.

Пойыз қызмет көрсету, қауіпсіздік және жайлылық жағынан жоғары санаттағы қонақүйлермен тең деңгейде. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағы адамдар үшін арнайы жағдайлар қарастырылған — жарықтандырылған тұтқалар, сырғып кетуге қарсы еден жабыны орнатылған.

Пойыз 14 ұйықтайтын орны бар вагоннан тұрады, оларда екі, үш және төрт орынды купелер бар. Сондай-ақ мейрамхана-вагон (мұнда жолаушыларға танымал аспазшылар дайындаған дәмді тағамдар ұсынылады), шай бөлмесі мен демалыс аймақтары бар көпфункционалды вагон және қызметкерлерге арналған арнайы вагон бар. Бұдан бөлек, пойызда шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құралдармен жабдықталған медицина пункті жұмыс істейді.

Әр купеде құрғақ және ылғалды аймақтары бөлінген санитарлық торап, дәретхана, жедел көмекке шақыру жүйесі, жеке жарықтандыру, тоқ көздері мен USB-ұяшықтар қарастырылған. Вагондар жоғары дыбыс оқшаулауымен ерекшеленеді, ал үлкен терезелер күн сәулесін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа туристік пойыз өңірлік экономика мен туризмді дамытуға ықпал етеді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады