Ресей алғашқы жүрдек пойызын 2027 жылы сынақтан өткізбек

Әлемде
16.02.2026, 10:31
Сурет: РЖД

Ресей Федерациясындағы алғашқы жоғары жылдамдықты пойызын тестілеу 2027 жылы жүргізіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы ЖЖМ (жоғары жылдамдықты магистраль) ақпарат орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Жаңа жоғары жылдамдықты пойыздың сынақтары 2027 жылға жоспарланған», - делінген хабарламада.

РФ Вице-премьері Виталий Савельев пойыз вагондарын дәнекерлеуге арналған телекөпір барысында нақтылап өткендей, сынақ бағдарламасына екі құрам қатысады.

«2027 жылғы сынақтарға жылжымалы құрамның екі үлгісі жіберіледі. Зеленоградтан Тверьге дейінгі трасса учаскесі полигон болады. Онда құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді жүріп жатыр», - деді ол.

Сынақтарға дайындықпен қатар «Уральские локомотивы» зауытында жоғары жылдамдықты электропойыздарды сериялы түрде шығару үшін өндірістік база қалыптастырылуда. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 67 мың шаршы метр болатын жаңа нысандар салынып жатыр. Кешен құрамына шанақ компоненттерін қалыптастыру корпусы, электропойыздарды іске қосу-баптау корпусы, тартқыш жетекті сынақтан өткізу орталығы, конструкторлық орталық, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық корпус кіреді.

Ақпарат орталығы атап өткендей, құрылысты 2026 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының шамамен 60 пайызы орындалды, технологиялық жабдықтарды сатып алу және жеткізу жалғасуда.

Сонымен қатар қолданыстағы өндірістік кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл жоғары жылдамдықты электропойыздарды сериялы шығаруға көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті