АҚШ Иранның солтүстігіндегі Голестан провинциясында орналасқан Ак-Такэ-Хан көпіріне соққы берді, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Fars агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл көпір Иранды Қытаймен байланыстыратын көлік дәлізінің маңызды бөлігі саналады.

Инфрақұрылым нысанының қаншалықты зақымдалғаны нақтыланбады, алайда көпірді жөндеу жұмыстарын «қысқа мерзімде» аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетсек, 2026 жылдың 8 шілдесінде АҚШ президенті Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын жариялаған болатын.

Америкалық әскери күштер Иран Ислам Республикасының оңтүстік аймақтарына соққы жасады. Бұған жауап ретінде Тегеран АҚШ-тың әскери базаларына шабуыл жасады.