Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады

Әлемде
12.08.2026, 09:37
Сурет: Deutsche Bahn AG

Германияның Бавария аймағында алғашқы сутекпен жүретін пойыздар желтоқсанда жолаушылар тасымалына шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Deutsche Bahn мен Siemens Mobility Мюльдорф қаласында үш жаңа пойызды таныстырды. Екі вагоннан тұратын Mireo Plus H пойыздары Мюльдорф – Тюслинг – Бургхаузен бағытындағы 32,3 шақырымдық электр тартылмаған желіде қатынайды. Маршрутта сегіз станция бар.

Пойыздардың әрқайсысында велосипедке арналған тоғыз орын, төмен еденді кіреберіс және мобильді байланыс сапасын жақсартатын арнайы терезелер қарастырылған. Сондай-ақ құрамдар ETCS қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.

Siemens мәліметінше, пойыздардың ең жоғары жылдамдығы сағатына 140 шақырым, ал бір рет сутекпен толтырылғаннан кейінгі жүріс қоры 1200 шақырымға дейін жетеді. Жанармай құю шамамен 15 минут уақыт алады.

Сутек Мюльдорфта DB Energie салған жаңа станция арқылы беріледі. Нысан 100 пайыз жаңартылатын электр энергиясын пайдаланады.

Жобаға Германияның федералдық бюджеті 8,2 млн еуро көлемінде қаржы бөлген. Оның 4,4 млн еуросы пойыздарға, 3,8 млн еуросы сутек құю инфрақұрылымына бағытталған.

Қазір пойыздар сынақтан өтіп, машинистер оқытылуда. Негізгі кезең желтоқсандағы жаңа теміржол кестесінің енгізілуімен басталады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты