Мұнайлы астананың даму үдерісі
Новости
24.01.2017, 12:10
«ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ-ның филиалы Атырау жүк тасымалы бөлімшесі соңғы жылдары қарқынды даму үстінде, бұл өз кезегінде тұтас аймақтың дамуына оң әсерін тигізуде.
Әсіресе, облыстың индустриялық-инновациялық жобаларының жүйелі жүзеге асуына көрсетіп отырған көмегі ұшан-теңіз. Өткен жылы барлық сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша Атырау бөлімшесі жақсы нәтижеге қол жеткізіп, аймақтық филиалдар арасында үшінші орынды иеленуі – мұнайлы өңір теміржолшыларының табысты жұмыс жасағанын көрсетеді.
Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаевтың айтуынша, өткен жылы пайдалану жұмысына байланысты негізгі көрсеткіштердің бәрі дерлік ойдағыдай орындалған. Дүние жүзін дағдарысқа тіреген экономикалық қиындықтарға қарамастан, пайдалану жүк айналымы 105,4 пайызға орындалып, өз кезегінде техникалық жоспарға 101,8 пайызды құрады. Жүк вагондары паркі пайдалану көрсеткіштерінің орындалуы да анағұрлым жоғарылады. Атап айтқанда, вагонның орташа тәуліктік өнімділігі жоспарға 136,8 пайызға орындалды, былтырғы жылы ол 122,6 пайыз болатын. Жүк вагонының орташа тәуліктік жүрісі жоспарға 132,3 пайызға жетті, ал былтырғы жылы 119,3 пайызды құраған.
Бөлімше бойынша локомотив паркін пайдалану көрсеткіштерінің орындалуы да жоспарға жоғарылады. Нақтырақ айтар болсақ, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі жоспарға 101,4 пайызға (былтырғы жылы 100,9 пайыз), локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі жоспарға 100,3 пайызға (былтырғы жылы 100,7), пойыздың орташа салмағы жоспарға 101,2 пайызға (былтырғы жылы 100,4 пайыз), жүк пойызы қозғалысының орташа учаскелік жылдамдығы жоспарға 100,7 пайызға, (былтырғы жылы 100,8 пайызды құрады), жүк пойызы қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы да жоспарға 100,5 пайызға (былтырғы жылы 100 пайыз) орындалды.
Жылжымалы құрам паркінің қожайыны «КТТ» АҚ вагондарын шұғыл түрде жеткізу, түсіру және жөнелту операцияларының орындалуында да уақыттан ұту, тәуліктік қысқару бар, ал ол өз кезегінде Жүк станцияларындағы жұмысты ширатып, жүк түсіру-тиеу, вагондарды уақытында беру, клиенттерге жедел қызмет көрсету процесін жақсартқан.
Өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев бөлімшенің жемісті еңбегі – ең алдымен өткен жылы жүзеге асқан ауқымдыжобаның арқасы, сосын әрине, теміржолшылардың жанкешті еңбегінің нәтижесі деп бағалайтынны жасырмады.
–Ол жоба – Теңдік станциясымен байланысты. Бүгінгі таңда Атырауда мұнай өнімдері немесе қауіпті зиянды жарылғыш заттар қала ішіне кіргізілмей, сыртпен, Теңдік станциясы арқылы мұнай зауытына тасымалдануда. Соған байланысты, өткен жылы Теңдік станциясында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша жолдар салынғаны, толықтай қайта құрылып, заманауи жабдықтармен жабдықталып, жаңадан салынған станцияда 86 жаңа жұмыс орыны ашылғаны аян. Жылдың екінші жартысында ғана пайдалануға берілсе де, осы жоба біздің өткен жылы табысты жұмыс жасауымызға септігін тигізгені анық, ал биылғы жылы тиімділік одан да артық болады деп бойынша табысты мекеме болып танылуымызға себепші болды,- дейді бөлімше басшысы.
Өткен жылдың қорытындысын жария еткен есепті жиында Атырау темір жолы үшінші орында деп танығаннан соң, бөлімше жетекшісі аймақтық жиын өткізіп, барлық құрылым басшыларына қол астындағы теміржолшыларға өз атынан алғысын жеткізуді өтініпті.
Мінеки, осылай болашағы - жарқын, бағыты - айқын Атырау жүк тасымалы бөлімшесі тұтастай мұнайлы өңірдің экономикалық дамуына үлесін қосып отырғанынынң айқын дәлелі осы.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области