Мұнайлы астананың даму үдерісі

Жаңалықтар
24.01.2017, 12:10
 «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ-ның филиалы Атырау жүк тасымалы бөлімшесі соңғы жылдары қарқынды даму үстінде, бұл өз кезегінде тұтас аймақтың дамуына оң әсерін тигізуде. Әсіресе, облыстың индустриялық-инновациялық жобаларының жүйелі жүзеге асуына көрсетіп отырған көмегі ұшан-теңіз. Өткен жылы барлық сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша  Атырау бөлімшесі жақсы нәтижеге қол жеткізіп, аймақтық филиалдар арасында үшінші орынды иеленуі – мұнайлы өңір теміржолшыларының табысты жұмыс жасағанын көрсетеді. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаевтың айтуынша, өткен жылы пайдалану жұмысына байланысты негізгі көрсеткіштердің бәрі дерлік ойдағыдай орындалған. Дүние жүзін дағдарысқа тіреген экономикалық қиындықтарға қарамастан, пайдалану жүк айналымы 105,4 пайызға орындалып, өз кезегінде техникалық жоспарға 101,8 пайызды құрады. Жүк вагондары паркі пайдалану көрсеткіштерінің орындалуы да  анағұрлым жоғарылады. Атап айтқанда, вагонның орташа тәуліктік өнімділігі жоспарға 136,8 пайызға орындалды, былтырғы жылы ол 122,6 пайыз болатын. Жүк вагонының орташа тәуліктік жүрісі жоспарға 132,3 пайызға жетті, ал былтырғы жылы 119,3 пайызды құраған. Бөлімше бойынша локомотив паркін пайдалану көрсеткіштерінің орындалуы да жоспарға жоғарылады. Нақтырақ айтар болсақ, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі жоспарға 101,4 пайызға (былтырғы жылы 100,9 пайыз), локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі жоспарға 100,3 пайызға (былтырғы жылы 100,7), пойыздың орташа салмағы жоспарға 101,2 пайызға (былтырғы жылы 100,4 пайыз), жүк пойызы қозғалысының орташа учаскелік жылдамдығы жоспарға 100,7 пайызға, (былтырғы жылы 100,8 пайызды құрады), жүк пойызы қозғалысының орташа  техникалық жылдамдығы да жоспарға 100,5 пайызға (былтырғы жылы 100 пайыз) орындалды. Жылжымалы құрам паркінің қожайыны «КТТ» АҚ вагондарын шұғыл түрде жеткізу, түсіру және жөнелту операцияларының орындалуында да уақыттан ұту, тәуліктік қысқару бар,  ал ол өз кезегінде Жүк станцияларындағы жұмысты ширатып, жүк түсіру-тиеу, вагондарды уақытында беру, клиенттерге жедел қызмет көрсету процесін жақсартқан.        Өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев бөлімшенің жемісті еңбегі – ең алдымен өткен жылы жүзеге асқан ауқымдыжобаның арқасы, сосын әрине, теміржолшылардың жанкешті еңбегінің нәтижесі деп бағалайтынны жасырмады. –Ол жоба – Теңдік станциясымен байланысты. Бүгінгі таңда Атырауда мұнай өнімдері немесе қауіпті зиянды жарылғыш заттар қала ішіне кіргізілмей, сыртпен, Теңдік станциясы арқылы мұнай зауытына тасымалдануда. Соған байланысты, өткен жылы Теңдік станциясында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша жолдар салынғаны, толықтай қайта құрылып, заманауи жабдықтармен жабдықталып, жаңадан салынған станцияда 86 жаңа жұмыс орыны ашылғаны аян. Жылдың екінші жартысында ғана пайдалануға берілсе де, осы жоба біздің өткен жылы табысты жұмыс жасауымызға септігін тигізгені анық, ал биылғы жылы тиімділік одан да артық болады деп бойынша табысты мекеме болып танылуымызға себепші болды,- дейді бөлімше басшысы. Өткен жылдың қорытындысын жария еткен есепті жиында  Атырау темір жолы үшінші орында деп танығаннан соң, бөлімше жетекшісі аймақтық жиын өткізіп, барлық құрылым басшыларына қол астындағы теміржолшыларға өз атынан алғысын жеткізуді өтініпті.  Мінеки, осылай болашағы - жарқын, бағыты - айқын Атырау жүк тасымалы бөлімшесі тұтастай мұнайлы өңірдің экономикалық дамуына үлесін қосып отырғанынынң айқын дәлелі осы. 

                                                                                       Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі