Көмір тасымалын қалыпты жүргізу механизмі жасалуы тиіс

Новости
27.01.2017, 11:15
Қазақстан теміржолы арқылы жүк жөнелтушілерді вагонмен керегінше қамтып, әсіресе көмір тасымалын қалыпты жүргізу үшін екі жақты бірлескен шаралар жасалуы қажет. Бұл туралы Ұлттық компанияның жедел қызмет бойынша вице-президенті Қайрат Сәуірбаевтың төрағалығымен жүк жөнелтушілермен өткен кездесуде айтылды.     Қ.Сәуірбаевтың айтуынша, көмірге қатысты ашық вагон жетіспеушілігі былтыр басталды. ТЭЦ-тердің вагондармен қамтылуы нормадан төмен болған. 2016 жылы теміржол көлігімен көмір тасымалдау 91 миллион тоннаны құраған. Жиында вагондар тапшылығының пайда болуына әсер еткен бірқатар себептер аталды.   – Өткен жылдың екінші жартысында шетелдік вагондардың қайтып кетуіне байланысты жағдай қиындады. Олардың көмір тасымалдауға қатысы 3,7 пайызға азайды. Былтыр көмір тасымалдаудың шетелдік паркінің үлесі 18,2 пайыздан 3 пайызға дейін азайып, бұл өз кезегінде 360 мың вагонға жүк тиеу ресурсын жоғалтуға әкеліп соқтырды. Шетелдік вагон паркінің қазақстандық жүк тиеудегі қатысының азаюы ТМД аумағында жүк вагондарының жетіспеушілігіне байланысты болып отыр. Украинада саяси жағдайға байланысты вагондар ел аумағынан шығарылмайды. Белоруссияда вагондар ел ішінде шоғырландырылды.  2014 жылдан бастап Ресейде 200 мың вагон паркі қолданыстан шығарылды. Жүк жөнелтушілердің жыл бойындағы қалыпты көмір тиеу-түсіру жұмыстарына сараптау жүргізсек, жыл сайынғы жағдай мынаны көрсетіп отыр: қаңтардан тамызға дейін көмір бойынша жылдық жалпы көлемнің 60 пайызы, қыркүйек-желтоқсандағы төрт айда 40 пайызы тиеледі. Осылайша 3-4 тоқсанда, яғни суық маусым басталған кезде көмірге сұраныс артып, ол әрине, вагонға тапсырыстың артуына алып келеді, – дейді вице-президент.     Бұдан келіп шығатыны, статистика көрсеткендей, еліміздегі жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар мамыр мен шілде айларында көмір қорын жасақтап алуға асықпайды. Жылу беру маусымына дайындық мамыр айында басталады екен. Сол себепті, теміржолшылар көмір тасымалдауға тапсырыс жыл бойы, бір  қалыпты, жоспарлы жүргізілсе «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қорындағы 29 мың вагон паркімен тапсырысты түгел қамтып үлгеретініне сенімділік танытты.    Вагондардың жетіспеушілігі олардың бағасы мен жалға алу төлемінің өсуіне әкелген. Мәселен, 2016 жылы Ресейде жартылай вагондардың нарықтық бағасы 2,5 есеге өсті. Бұл бірқатар қазақстандық вагондардың Ресейге кетуіне әкеп соқты. Осылайша, Қазақстандағы жеке иеліктегі операторлардың үлесі 45 пайыздан 39 пайызға азайды. Қазақстандық вагондардың жетіспеушілігі ҚТЖ паркіне салмақ түсірді. Вагон айналымын қысқарту, басқа елдерден қосымша вагондар тарту арқылы ҚТЖ өткен жылы бірінші жарты жылдықтағы кешігуді барынша азайтты. Алайда, жүк жөнелтушілердің сұранысы қалыпты болмағандықтан 2016 жылы 2015 жылға қарағанда  жүк тиеу фактісі азайғандығы байқалды.    Компания 2016 жылы жартылай вагондар айналымын 10,5 сағатқа дейін жеделдету арқылы республика ішілік бағдарларда қосымша тәулігіне 1046 дана жүк тиеу ресурсын жасақтады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүргізген шаралар нәтижесінде 2017 жылғы қаңтарда жүк тиеу көрсеткіші 2016 жылғы қараша-желтоқсан айларындағы деңгейді сақтап отыр.

    Кездесу барысында осы мәселеде келісімшарт жұмыстары, жылжымалы құрам паркін қамтамасыз етумен айналысатын «KTZ Express» АҚ филиалы директоры өкілі Күмісбек Мәтжанов та сөз алды. Жиынға қатысқан жүк жөнелтушілер көкейкесті мәселелерін ортаға тастап, сұрақтарын қойды. Теміржолшылар тарапынан осы жағдайдан шығып, мәселені шешу үшін бірқатар ұсыныстар айтылды.

    Атап айтқанда, вагон айналымы мен вагондардың кірме жолдарда қозғалыс мерзімін азайту мақсатында жүк жөнелтушілермен, жүк қабылдаушылармен бірлескен кешенді шаралар жасалуда. Сұраныс иелерінің кірме жолдардағы тәртіпті сақтауы және жүк жөнелтушілердің жауапкершілігін көтеру арқылы вагон айналымы мен қосымша вагондар тарту жеткіліксіз. Осыған байланысты бірлескен шараларды ширата түсу керек, дейді теміржолшылар.    Сондай-ақ, тапсырыс берушілердің жүк тиеу мен түсіру орындарында инфрақұрылымын дамытуы – вагон айналымына оң әсер етеді. Жылдық тасымалдау жоспарын тапсырыс берушілермен бірлесіп жасап, ірі жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларға жартылай вагондарды бекітіп беру жүйесін қарастыру қажет. Егер де, жыл ішінде жүк вагоны жетіспеушілігі орын алған жағдайда, өз жұмысын дұрыс жоспарламаған жүк жөнелтуші-жүк қабылдаушы бұл тәуекелге қатысты жауапкершілікті теміржолмен бірге көтеруі керек. Жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушылар арасында экспедиторлардың тізбегінсіз тікелей ұзақ жылдарға арналған келісімдер жасалуы тиіс. Жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар арасында жыл ішінде көмір тасымалдауды қалыпты жүргізу механизмі жасалып, РТЖ вагон паркін тасымалдау көлеміне қатысты жүк жөнелтушінің кепілдігімен тарту көзделуде. 2020 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен жеке операторлардың 20 мың жүк вагондарын сатып алуына қол жеткізілмек. Жартылай вагондар паркінің иелерімен өзара келісімдер жасау арқылы шоғырландыру мүмкіндігі де қарастырылмақ.

Райхан РАХМЕТОВА

Новости
21.04.2026
КТЖ провел Welcome Day для 34 новых сотрудников в Астане
Новости
21.04.2026
Представители порта Курык оценили модернизацию паромов в Стамбуле
Новости
21.04.2026
КТЖ и Astana IT University усилят взаимодействие в области цифровизации и подготовки кадров
Новости
21.04.2026
Юбилейное заседание ОСЖД стартовало в Астане
Новости / Архив
21.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №30 от 21 апреля 2026 года
Спорт
20.04.2026
Турнир по асык-ату среди железнодорожники прошел в Уральске
Регионы
20.04.2026
Субботники в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» прошли в Карагандинской области
Спорт
20.04.2026
Столичные железнодорожники отметили Всемирный день здоровья
Регионы
20.04.2026
Костанайское отделение магистральной сети определило задачи по развитию вокзального хозяйства
Социум
18.04.2026
Социальная поддержка: стартует программа доступного жилья для железнодорожников
Новости
17.04.2026
Весенний комиссионный осмотр стартовал в Акмолинском регионе
Регионы
17.04.2026
Безопасность движения на железной дороге обсудили в Уральске
Регионы
17.04.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо подвело итоги первого квартала
Грузовые перевозки
17.04.2026
Казахстан увеличил объем грузоперевозок до 240 млн тонн
Пассажирские перевозки
17.04.2026
В АО «Пассажирские перевозки» рассказали журналистам о подготовке поездов к летнему сезону
Новости / Архив
17.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №29 от 17 апреля 2026 года
Новости
16.04.2026
Транспортная полиция пресекла 25 тысяч административных правонарушений
Инфраструктура
16.04.2026
Об инновациях в стрелочных переводах рассказали в Минпромстрое
В мире
16.04.2026
Более 53 тысяч поездов прошли через Алашанькоу за 15 лет
Регионы
16.04.2026
Железнодорожники и спасатели обсудили подготовку к пожароопасному сезону